
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
«Әріптестік: кеден және бизнес» Еуропалық өңірлік форумы
Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Еуразия континентінің кіндігінде Қазақстан Республикасының астанасында жыл сайын жаһандық дамудың проблемаларына кең «еуразиялық көзқарастың» ретрансляторы – Астана экономикалық форумы өтуде.
Аталған форум аясында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті 2015 жылғы 21-22 мамырда Дүниежүзілік кеден ұйымымен (ДКедҰ) бірлесіп үшінші жыл қатарынан Еуропалық өңірлік форумды өткізуде. 2015 жылғы форум «Әріптестік: кеден және бизнес» тақырыбында өтті.
Еуропалық өңірлік форумның қонақтары шетел мемлекеттерінің кеден әкімшілігінің, халықаралық ұйымдарының, бизнес қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ қоғам қайраткерлері болды.
Форумның мақсаты Қайта қаралған Киот конвенциясының, ДКедҰ Қауіпсіздік және сауданы онайлату жөніндегі негіздемелік стандарттардың және ДСҰ саудасын онайлату туралы келісімнің талаптарын ескере отырып, кедендік әкімшілендіру мен бизнестің тығыз әріптестік орнату, әкімшілік кедергілерді жоюға және халықаралық сауданы сәтті жүргізу үшін жеткізілім тізбегінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған бірлескен механизмдерді әзірлеу болып табылады.
Форумға қатысушылар кедендік әкімшілендіруді жақсарту бойынша шараларды талқылады және жоспарлады, сауданы жүргізу үшін қолайлы жағдайларды құру, инвестициялық тартымдылықты арттыру және мемлекеттің экономикасын қолдау мақсатында бар әкімшілік кедергілерді және оларды жою жолдарын айқындады.
Қолданыстағы кедендік әкімшілендіру, қауіпсіздік және әлемдік сауданы оңайлату жүйесіне механизмдерді түзету Форум жұмысының нәтижесі болды.
Астана экономикалық форум шеңберінде Дүниежүзілік кеден ұйымының Еуропалық өңірлік форумын жыл сайын өткізу жақсы дәстүрге айналуда!
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі