Date of publication: 25.08.2017 14:45
Date of changing: 25.08.2017 14:46

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

2017 жылдың 17 тамызында Алматы облысы МКД Экономикалық тергеу қызметімен контрафактілік «Mobil» маркалы мотор майларын көтерме түрде сатылу айғағы анықталды.

Алматы облысы Іле ауданында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында авто бөлшектер дүкеніне контрафактілік мотор майларын сатпақ болған Қазақстан Республикасының азаматты көлігінде 1 және 4 литрлік 154 канистр, жалпы соммасы 500 000 теңге тұратын контрафактілік майларымен ұсталған болатын.

Бұдан әрі жүргізілген тексеріс барысында жалған мотор майлары сақталатын қойма анықталып ол жерден 269 канистр мотор майлары анықталып тәркіленді.

Қазіргі таңда, Алматы облысы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметімен аталған факт бойынша ҚР ҚК 198 б. 2-ші бөлігімен (авторлық және сабақтас құқығын бұзу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

ҚР Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Бейбітшілік 10)