
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Салықтық әкімшілендіруді жетілдіру
2017 жылдың 25 қыркүйегінде Орталық коммуникациялар қызметінде «Салықтық әкімшілендіруді жетілдіру» тақырыбында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының орынбасары А.М. Қыпшақов брифинг өткізді, онда ағымдағы жылдың 8 айындағы мемлекеттік бюджетке түсімдер 102,2%-ке орындалғанын атап өтті.
Түсімдер бойынша болжамдалған маңызды мақсаттарға қол жеткізту – бұл салықтық және кедендік әкімшілендіруді жақсарту бойынша қабылданған шаралардың нәтижелері. Салықтық бақылаудың тиімділігі - 100%-ке өсті.
Бүгінгі күнде мемлекеттік кірістер органы 29 салық қызметін, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы баламалы негізде – 21 қызметті электрондық түрде ұсынуда.
2017 жылғы 8 айдың қортындысы бойынша мемлекеттік кірістер органы барлығы 12,5 млн. қызметтерді ұсынды.
10 жыл бойы қанағаттанарлық деңгейін айқындауға, салық төлеушілерде кездесетін проблемалық кедергілерді анықтау үшін салық төлеушілермен тәуелсіз сауалнамалар жүргізілуде.
Мәселен, егер 2007 жылы бизнестің қанағаттанарлық деңгейі - 41% болса, 2016 жылы бұл көрсеткіш - 79%-ға жетті. Ұқсас жағдайлар халық тарапынан да байқалуда (2007 жылы – 51%, 2016 жылы – 84%).
2017 жылғы 1 мамырдан бастап ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою рәсімі оңайлатылды. Салық төлеушілерге электрондық түрде «Салық төлеуші кабинеті» арқылы не «Электрондық үкімет» порталы арқылы салықтық өтініш беруге мүмкіндіктер берілді.
«Электрондық шот-фактура» жүйесін енгізу шеңберінде айтарлықтай жұмыстар жүргізілді. 2017 жылғы 1 қыркүйекке 142 мыңнан астам ЭШФ пайдаланушылар тіркелген, олармен 17 трлн.теңге сомасында 54 млн. электрондық шот-фактура жазып берілген. Электрондық шот-фактураның ақпараттық жүйесінің жұмыс жасауы жалған кәсіпкерлер қызметін пайдалана отырып салықтарды төлеуден жалтарудың қолданыстағы схемасын нақты болдырмауда.
2016 жылы салық төлеушілерге қолайлы болу үшін екінші деңгейлі банктер «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы салық және кедендік төлемдерді төлеу туралы ақпараттарды онлайнмен беру механизмін қолданысқа енгізді. Бұл мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесіне жүргізілген төлемдер туралы ақпараттарды беру мерзімін 2 жұмыс күнінен бірнеше минутқа дейін қысқартуға мүмкіндіктер береді.
Тексеруге тәсілдерді қайта қарау шеңберінде оларды түрлендіру мақсатында 8 айдың қорытындысы бойынша салықтық тексерулердің саны өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 37,9%-ке қысқарды.
Мемлекеттік кірістер органдарының жұмысын халықаралық рейтинг агенттігі мен Дүниежүзілік банк жоғары бағалағаны көрініп отыр.
Мемлекеттік кірістер комитеті автоматтандыру бойынша жаңаша әдістердің барлығын әзірлеуде және әріптестермен: Дүниежүзілік Банкпен, ЮНКТАД БҰҰ, Дүниежүзілік кеден ұйымымен, Азия даму банкімен және басқалармен ынтымақтастық шеңберлерде енгізілуде.
Қорытындылай айтқанда, барлық жаңаша енгізілімдер халықаралық страндартқа сәйкес келеді.
ҚР Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)