Date of publication: 04.10.2017 10:51
Date of changing: 04.10.2017 10:54

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті кедендік төлемдердің түсілімін, кеден саласындағы құқық бұзушылыққа қарсы күрес шараларын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, Кеден қызметіне сауданы жеңілдету шаралары бойынша жүргізіліп жатқан және Қазақстанның аймақаралық транзиттік хабқа айналу саясатына жәрдемдесуі қажет, сондай-ақ, Қазақстан арқылы жаһандық көлік бағыттары мен қысқа құрлық жолдарынан транзиттік жүктердің кедергісіз, оған қоса, бақылау деңгейін төмендетпестен және жалғандық транзитті қоспағанда өтуін қамтамасыз етуі қажет.  

Бүгінгі күні кеден шекарасы арқылы тасымалданатын адамдар, тауарлар мен көлік құралдарын бақылау құралы тәуекелдерді басқару жүйесі болып табылады (бұдан әрі - ТБЖ), бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасында сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру кезінде кеден заңнамасын сақтамау ықтималдығының дәрежесін айқындайды.

2017 жылдың 25-29 қыркүйек аралығында ТБЖ қызметін ұйымдастырудағы халықаралық тәжірибені зерделеу, Кедендік тәуекелдерді басқару саласындағы өзара әрекетесу саласындағы дамыған елдердің озық тәжірибелерін білу, ДКҰ ұсынымдарына сәйкес мемлекетік кірістер ТБЖ құру қағидаттарын талқылау мақсатында «Тәуекелдерді басқару стандарттарын бекіту»тақырыбында халықаралық семинар өткізілді.

Алынған білім қатысушыларға заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету арасындағы теңгерімді табуға мүмкіндік берді және кейінірек ТБЖ.

Тыңдаушылар ретінде семинарға Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері (бұдан әрі - МКК), аймақтық  мемлекеттік кіріс органдары қатысты.

 Семинардың қорытындысы бойынша сауалнама алынды, сауалнама қорытындысы семинарды жақсы ұйымдастырылғанын  және сарапшылырдың жоғарғы дайындық деңгейін көрсетті.

 

 

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз-қызметі

 (Жеңіс даңғылы, 11)