
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
18.06.2015ж.
Баспасөз релизі
Сапалы мемлекеттік қызметті көрсету – әр мемлекеттік орган қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.
Бизнес және халық үшін көрсетілетін қызметтің көбін үш ведомстваның (Салық комитеті, Кедендік бақылау комитеті, қаржы полициясының экономикалық тексеру қызметі) қосылу жолымен құрылған Мемлекеттік кірістер комитеті көрсетеді.
Комитет көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында, көрсетілетін қызмет үдерісін оңтайландыру бойынша іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп тұрады.
«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 30.09.2014 ж. № 420 бұйрығымен бюджеттік сыныптама кодтарын (БСК) қысқарту бойынша өзгерістер енгізілді.
Нәтижесінде салық және кеден төлемдері бойынша 208 БСК-дан 119 БСК-ға қысқарды немесе 50% көбі, 89 БСК сақталады.
Салықтық төлемдер бойынша 162 БСК-дан 98 БСК-ға қысқарды (60,5%), 64 БСК сақталады.
Кедендік төлемдер бойынша 46 БСК-дан 21 БСК-ға қысқарды (45,7%), 25 БСК сақталады.
БСК қысқаруы негізінен халық және бизнес үшін көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге оң әсер береді, сондай-ақ, барлық мемлекеттік органдардың жұмысын оңтайландыру ақпараттық жүйеге жүктемені азайтады. Бұл ретте аталған өзгертулер бюджетке түсетін түсімдерге теріс әсерін тигізбейді.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі