ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз релизі
«Қордай» кеденінің «Қордай» кеден бекетінде 2015 жылғы 19 маусымда сағат 13:45 шамасында Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі-Департамент) ЭТҚ- ның қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын өткізу кезінде жеке тұлғаларға арналған жолаушы терминалы залында «Бетти» атты қызметтік іздестіру итін пайдалану арқылы Қазақстан Республикасына бағыт алған Қырғыз Республикасының азаматы ұсталып, салмағы 1004,06 гр. «героин» - есірткі құралы анықталды және алынды. Іс-шара «Қордай» кеден бекетінің, Департаменттің ІҚҚ және ҰҚК ПҚ қызметкерлерімен, сондай-ақ Жамбыл облысының ІІД ҰҚКБ-ның қызметкерлерімен бірлесіп, «Кедергі» операциясы шеңберінде өткізілді.
Аталған факт бойынша Жамбыл облысы бойынша МКД ЭТҚ қызметкерлері ҚР ҚК 286-бабының 4-бөлігі, 297-бабының 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті УҰИ орналастырылды.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі