ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
ОҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен Қырғызстан Республикасы, Лебединовка селосы, Зеленая көшесі, 5-3 мекен-жайына (жеке тұлға «Шарипова Евгения Николаевна») импортталған тауарларды кедендік декларациялау кезіндегі кедендік тексеру барысында (автокөлік) жалпы салмағы 4 913,47 кг. болатын 497 орын түріндегі тауарлардың ілеспе құжаттарда мәлімделмегені анықталды:
«фарфор ыдыстар» - 58 орын, брутто салмағы 634,2кг.;
«декоративті ыдыстар» - 400 орын, брутто салмағы 3 343,27кг.
«асхана жиынтығы» (қасық, пышақ және т.б.) - 39 орын, брутто салмағы 936кг.
Кеден органдарымен алдын ала бағалау бойынша тауарлардың құны 5 991 926 теңгені құрайды.
Бүгінгі таңда, ОҚО бойынша МКД ҚР ӘҚБтК 551 бабының 1 бөлігімен № 175100153100512 әкімшілік іс қозғалып, 68 070 теңге көлемінде айыппұл өндірілді.
Сондай-ақ, Қырғызстан Республикасы, Бішкек қаласы, 7 шағын аудан, 19-25 мекен-жайына (жеке тұлға «Гизей Станислав Игоревич») импортталған тауарларды кедендік декларациялау кезіндегі кедендік тексеріп қарау барысында (автокөлік) жалпы салмағы 914,6кг. болатын 43 орын түріндегі тауарлардың ілеспе құжаттарда мәлімделмегені анықталды:
«жеңіл автокөліктерге арналған қосалқы бөлшектер» - 43 орын, брутто салмағы 914,6кг.
Кеден органдарымен алдын ала бағалау бойынша тауарлардың құны
6 240 352 теңгені құрайды.
Бүгінгі таңда, ОҚО бойынша МКД ҚР ӘҚБтК 551 бабының 1 бөлігімен № 175100153100511 әкімшілік іс қозғалып, 68 070 теңге көлемінде айыппұл өндірілді.
Одан басқа, Қырғызстан Республикасы, Бішкек қаласы, Аламедин ауданы, 5 мекен-жайына («Lider Medical Dognoia») импортталған тауарларды кедендік декларациялау кезіндегі кедендік тексеріп қарау барысында (мем.тіркеу №61К9355/61К9365 автокөлігі) жалпы салмағы 893 кг. болатын 79 орын түріндегі тауарлардың ілеспе құжаттарда мәлімделмегені анықталды:
«тілді басуға арналған шпатель» - 10 орын, брутто салмағы 134кг.;
«үй-жайларды тазалауға арналған резіңке қолғаптар» - 69 орын, брутто салмағы 759кг.
Кеден органдарымен алдын ала бағалау бойынша тауарлардың құны 2 676 562 теңгені құрайды.
Бүгінгі таңда, ОҚО бойынша МКД ҚР ӘҚБтК 551 бабының 1 бөлігімен № 175100153100525 әкімшілік іс қозғалып, 181 520 теңге көлемінде айыппұл өндірілді.
Қырғызстан Республикасы, Бішкек қаласы, Османкулов көшесі, 15 мекен-жайына (ОсО «Экошагыл» Жумаев Дастан) импортталған тауарларды кедендік декларациялау кезіндегі кедендік тексеріп қарау барысында (вагон 28040103) жалпы салмағы 336 кг. болатын 65 орын түріндегі тауарлардың ілеспе құжаттарда мәлімделмегені анықталды:
«құрма» - 26 орын, брутто салмағы 104кг.;
«бірреттік қолдануға арналған пакеттегі көк шай» - 10 орын, брутто салмағы 25кг.;
«науат-тәттілер» - 25 орын, брутто салмағы 163кг.;
«кір жуу ұнтағы» - 2 орын, брутто салмағы 32кг.;
«кептірілген құлпынай» - 1 орын, брутто салмағы 5кг.;
«кептірілген қауын» - 1 орын, брутто салмағы 7кг.
Кеден органдарымен алдын ала бағалау бойынша тауарлардың құны 159 945 теңгені құрайды.
Бүгінгі таңда, ОҚО бойынша МКД ҚР ӘҚБтК 551 бабының 1 бөлігімен № 175100153100523 әкімшілік іс қозғалып, 113 450 теңге көлемінде айыппұл өндірілді.
Ағымдағы жылдың 20 қазанында Қырғызстаннан бағытталған тауарларға қатысты кедендік бақылау жүргізу шеңберінде «Сарыағаш стансасы» кеден бекетінде «виноматериал» тауарымен № 77338440, № 77002913 және № 77078046 темір жол вагондарының салмақтары өлшенді.
Жалпы салмағы 7130кг. құрайтын тауарларды жалған декларациялау фактісі анықталды:
«виноматериал» (вагон № 77078046) – салмағы 1810кг;
«виноматериал» (вагон № 77002913) – салмағы 3010кг;
«виноматериал» (вагон № 77338440) – салмағы 2310кг.
Тауарларды жөнелтуші «Султан Шарбати» ЖШҚ, Өзбекстан Республикасы, тауарларды алушы «Алтын Шампаны» ЖШС, Қырғыз Республикасы.
Ағымдағы жылдың 21 қазанында үлгілер мен сынамалар алынып, ҚР ҚМ МКК Орталық кеден зертханасына физико-химиялық сараптама жүргізу үшін жолданды.
Ағымдағы жылдың 25 қазанындағы ҚР ҚМ МКК Орталық кеден зертханасының қорытындысы бойынша сараптамаға жолданған үлгілер «асханалық шарап өнімі» болып табылады.
ОҚО бойынша МКД Тарифтік реттеу басқармасының қорытындысы бойынша СЭҚ ТН коды:
«асханалық ақ шарап» - 2204299701;
«асханалық қызыл шарап» - 2204299801 .
Бұл ретте, тауардың кедендік құны 28 602 890 теңгені құрайды.
Ағымдағы жылдың 26 қазанында процессуалдық шешім қабылдау үшін материалдар ОҚО бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметі жолданды.
Аталған факті бойынша ОҚО бойынша МКД ЭТҚ-мен ҚР ҚК 234-бабының 2-бөлігі 4-тармағымен №175100121000344 қылмыстық іс қозғалды.
Түркия, Мерсин қаласы, «BASHAN TARIMSAL URUNLERI A.S.» ЖШҚ мекен-жайына № 41710701/111017/0000860 экпорттық декларациясымен Қырғызстаннан жолданған «фасоль» тауарына кедендік бақылау жүргізу барысында салмағы 962 келіге анық емес декларациялау фактісі анықталды.
Кеден органдарымен алдын ала бағалау бойынша тауарлардың құны 395 183 теңгені құрайды.
Бүгінгі таңда, ОҚО бойынша МКД ҚР ӘҚБтК 551 бабының 1 бөлігімен № 175100153100526 әкімшілік іс қозғалып, 113 450 теңге көлемінде айыппұл өндірілді.
Өзбекстан Республикасы, Навои қаласы, Навои көшесі, 27 «Навоийский горно-металлургический комбинат» ММ мекен-жайына № 41710301/181017/0005192 экпорттық декларациясымен Қырғызстаннан жолданған №60171931 вагонындағы «қара металл прокаты» тауарына кедендік бақылау жүргізу барысында анық емес декларациялау фактісі анықталды.
Салмағын өлшеу нәтижесінде декларацияда көрсетілмеген жалпы көлемі 1 000кг. тауар анықталды.
Бүгінгі таңда, ОҚО бойынша МКД-мен тауардың құнын анықтау және ҚР ӘҚБтК сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласы, Навои көшесі, 24 «Ташкентский трубный завод» ЖШҚ БК мекен-жайына № 41711005/111017/0001412 және № 41711005/111017/0001413 экпорттық декларацияларымен Қырғызстаннан жолданған «қара металл қалдықтары мен сынықтары» тауарына кедендік бақылау жүргізу барысында анық емес декларациялау фактісі анықталды.
Салмағын өлшеу нәтижесінде декларацияда көрсетілмеген жалпы көлемі 29 600кг. тауар анықталды:
№ 60791506 вагоны бойынша – 15 400кг;
№ 52883113 вагоны бойынша – 14 200кг.
Бүгінгі таңда, ОҚО бойынша МКД-мен тауарлардың құнын анықтау және ҚР ӘҚБтК сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
ҚР Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)