
Құрметті салық төлеушілер !
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Сіздің мәліметіңізге қазіргі уақытта «Салық төлеуші кабинеті» Web-қосымшасының «Салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша қарыздары жоқтығы және (немесе) бар болуы туралы мәліметтерді алуға салық өтініші» сервисі уақытша қолжетімсіз екендігін хабарлайды. Қазіргі уақытта мәселені шешу бойынша жұмыстар жүргізілуде, нәтижесі қосымша хабарланады.
Қосымша, мемлекеттік кіріс органдарда есебі жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәлімет бойынша қызметті Электронды үкімет порталы арқылы келесі сілтеу бойынша алуға болады: http://egov.kz/cms/ru/categories/taxation.