
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
АҢДАТПА
Есірткінің заңсыз айналымымен күрес Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 2017 жылғы 17-18 қараша ҚР ҚМ МКК Кинологиялық орталығының базасында ҚР-дағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ КИНОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫ атты треннингі өтті. Аталған треннинг ҚР-дағы АҚШ Елшілігі Халықаралық есірткімен күрес және заңдылықты сақтау бойынша басқармасының (INL) қолдауымен ҚР ҚМ МКК Кинологиялық орталығы «Олжа» кәсіби құзыреттілік пен коучинг Орталығын тартуымен ұйымдастырылды.
Тренингтің мақсаты – кинолог-мамандардың дағдыларын және кәсіби іскерліктерін бекітуге, олардың кәсіби қызметінде өзіндік әлеуетін дамыта отырып іске асыру болып табылады.
Треннингтің функциясы кинологтардың келесі психикалық қызметтренің түірлерін жетілдіріу аясында, басымдылықтарды орындауға бағытталған
- Интеллектуалды тұрақсыздық (қызметтің жаңа түрін игеру және еңбек тәжірбиесінің сапасын бағалау) кәсіби оқытуда үлгерімін болжау мақсатында.
- Мнемотехника (әдістермен арнайы тәсілдердің жиынтығы, керек ақпаратты сақтауды жеңілдететін және ассоцияцияларды (байланыстарды) тудыра отырып есте сақтау көлемін ұлғайту: визуалды, аудиальді немесе кинестетикалық әсерлеуі бар абстрактілі обьектлерді ауыстыру және фактлерді түсіну және әсерлеу, есте сақтауды жеңілдету үшін әртүрлі модификациядағы есте бар ақпараттарды обьектлермен біріктіру).
- Профайлинг (вербалды және вербалсыз әрекетінің, бет әлпетінің мінездемелері, өзіндік жеке аса ақпарат анализы негізіндегі адамның жүріс тұрысын болжау мен бағалаудың психологиялық әдіснемелері мен әдістерінің жиынтығы)
Аталған теннинге сарапшылар ретінде жүйелік жаттықтырушы з.ғ.к. Айман Айтпековна Джакубекова мен жаттықтырушы-психолог-диагностшы Дамеш Аманжоловна Шаханова сөз сөйледі.
Тренинг Комитеттің Кинологиялық қызметіне арнайы әзірленді және мекенжайлық сипатта көрініс тапты.
Дәрістер мамандардың визалды жедел психодиагностикалау, дағдарыс жағадйында жанжалдарды басқару, келіссөдер жүргізу техникасы және қатынас орнату бойынша кәсіби білімдері мен дағдыларын жетілдіруге бағытталды. Курстың өту кезеңінде интерактивті оқыту әдістері, презентациялар көрсету, практикалық және ситуациялық тапсырмалар, психологиялық практикум, рөлдік ойындар қолданылды. Қатысушылардың жаңа материалды игеруін тексеру үшін тестілеу және қорытындыларына салыстырмалы анализ жүргізілді.
Шараның қорытындысында қатысушыларға ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ КИНОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫН сәтті аяқтағандығы жөніндегі сертификаттары табыс етілді.
ҚР Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)