Date of publication: 30.11.2017 13:59
Date of changing: 30.11.2017 14:00

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

2017 жылғы 28 қарашада мемлекеттік мейрам Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, Мемлекеттік кірістер комитетінде Мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлер қауымдастығы дәріс ұйымдастырды. Дәрісті Қауымдастық өкілі отставкадағы қаржы полициясының майоры бұрынғы БАҚ бойынша бастығы - Дәмежан Темірғалиқызы Есенбекова оқыды.

Дәмежан Темірғалиқызы Есенбекова «Қазақ мемлекеттілігі және еліміздің жаңа тарихындағы Тұңғыш Президенттің рөлі» атты тақырыпта дәріс оқыды.

Өз сөзінде, бірінші желтоқсан – бұл Тұңғыш президенттің сайлауда бүкіл қазақстандықтардың толық сенімін алған күні, деп атап өтті. Қазақстан халқының өзіне сеніп тапсырған ең жоғары жауапкершілігін сезіне отырып, Ұлт көшбасшысы абыроймен өзінің азаматтық және президенттік борыштарын өтеуде. «Назарбаевтың барлық қиындықты халқымен бірге өткеріп, оны жеңуі», бұл – тарихи дерек.

Жаңа тарих – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – қарқынды әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуымен мемлекеттің бірегей моделін құрған заманауилықтың көрнекті мемлекеттік және саяси қайраткері, бәсекеге қабілетті мемлекетті құру үшін бар күшін, талантын және ерік-жігерін беретін Ұлт көшбасшысы екенін көрсетті. Оның стратегиялық ойлау қабілеті мен көреген саясаты әлемдік көшбасшыларды таң қалдыратыны және адамдардың шынайы сыйластығын тудыратыны сөзсіз.

Президент, Қазақстанның жарық болашағына  және қазақстандық қоғам, гүлденген, экономикалық дамыған және табиғаты таза елде өмір сүретініне сенеді. Елдің халқы денсаулықтары жақсы, өскелең ұрпақ үшін жауапты, жоғары жалақы алатын, қоршаған ортаға төзімділікпен және шыдамдылықпен, Отанға сүйіспеншілікпен және патриоттық рухта қарайтын  жоғары білімді ұлт болатынына сенімді.

Осындай дәрістер, өңірлердегі мемлекеттік кірістер органдарының Ардагерлер қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен Комитеттің барлық Мемлекеттік кірістер департаменттерінде өткізілді.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)