Date of publication: 07.07.2015 16:49
Date of changing: 10.07.2015 10:08

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз релизі

07.07.2015ж.

2015 жылы 7-9 шілде аралығында  Азиаттық даму банкі (АДБ/ADB) және Орталық Азияда аумақтық саудаға жәрдемдесу GIZ Бағдарламасының көмегімен ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы «Қазақстан Республикасында Уәкілетті экономикалық операторлар (бұдан әрі - УЭО)  институтін жетілдіру» тақырыбында халықаралық семинар өткізуде.

Іс-шараның жұмысына Дүниежүзілік кеден ұйымы,  Еуропа одағы комиссиясының салық салу және кеден директораты/TAXUD, Орталық Азия елдері, Қытай Халық Республикасы, Оңтүстік Корея, Америка Құрама Штаттары, мемлекеттік кірістер аумақтық органдарының кеден қызметтері сарапшылары және өкілдері, сондай-ақ УЭО өкілдері қатысуда.

Семинардың өзектілігі Қазақстанда халықаралық сауда қауіпсіздігін көтеру қажеттілігі, сондай-ақ Дүниежүзілік кеден ұйымы (WCO) қауіпсіздік стандарттарына сәйкес жеткізу тізбегі процессін қамтамасыз ету болып анықталады және мемлекет пен бизнес арасында серіктес қарым-қатынастардың дамуына  жағдай жасайды.   

Қазақстан Республикасында УЭО институті Қауіпсіздік және әлемдік сауданы жеңілдету шекті стандарттарының, сондай-ақ Кедендік ресімдерді жеңілдету және үйлестіру халықаралық конвенциясының ұсыныстарына сәйкес енгізілген.

Қазақстан УЭО үшін арнайы жеңілдіктердің тізбесін, соның ішінде отандық тауарлар өндірушілерге жеңілдіктерді көбейту жолымен қосымшалауға ниет білдіреді.

Семинардың барысында Қазақстанда УЭО қызметін регламенттеуге, УЭО қызметін тексеруді ұйымдастыруға, Қазақстанда осы институтті одан әрі дамуға байланысты мәселелер талқылануда.

Семинар барысында қалыптасқан ұсыныстарды іске асыру әлемдік іс-тәжірибені ескере ала, Қазақстан Республикасында УЭО қызметін одан әрі жетілдірудің құрамдық бөлігі болады.

Семинарға қатысушылар УЭО институтін жетілдіру бойынша шараларды енгізу Қазақстанның экономикалық дамуына жағымды әсер етеді, кеден ресімдерді жеңілдетуге, біздің еліміздің транзиттік әлеуетінің дамуына жағдай жасайды және түпкі нәтижесінде шекараларда тауарлар айналымының жылжымын тездетуге әкеледі.   

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі