
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Бүгін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде ведомство төрағасы Ардақ Теңгебаев «Чекті талап ет – сыйлықты ұтып ал!» акциясының жеңімпазы Асет Амеркуловке автомобильдің кілтін тапсырды
Мемлекеттік кірістер комитетімен азаматтық белсенділікті арттыру және көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту, сондай-ақ кәсіпкерлер арасында әділ бәсекелестікті ынталандыру мақсатында «Атамекен» ҰКП-ның қолдауымен «Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал!» кезекті акциясы өткізілді.
Акция тауарларды сатып алғаны, жұмыстарды орындағаны және қызметтерді көрсеткені үшін ақшалай есеп-айырысулар кезінде кәсіпкерлердің түбіртектерді беруіне қатысты бақылау-кассалық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған.
Осылайша, Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарымызға салықтық заңнаманы сақтау бойынша қоғамдық бақылауға қатысуына, оның үстіне бағалы жүлделер ұтып алуға мүмкіндік берді.
Биыл өткен жылдағыдай акция «Wipon» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылды. Бұл қосымшаны Apple App store және Google Play market-тен тегін жүктеуге болады.
Акция ағымдағы жылдың 1 мамырынан 30 қарашасына дейінгі мерзімде өткізілді. Осы кезеңде барлық облыстар мен Астана және Алматы қалаларында ай сайын жүлделердің ұтысы мен оларды табыстау өтті.
Акция өткен жеті ай ішінде республика бойынша 336 астам жүлде ұтысқа салынды, соның ішінде тұрмыстық және оргтехника.
Акция шегінде осы мерзім аралығында біз азаматтардан 2,4 миллионға жуық чектерді қабылдадық.
2017 жылдың 13 желтоқсанында өткен бас финал қорытындысы бойынша Мемлекеттік кірістер комитетінде бағалы жүлделер, оның ішінде бас жүлде – автокөлік ұтысқа салынды.
«Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал!» акциясының бас жүлдесінің жеңімпазы – Амеркулов Асет болды.
2017 жылдың 23 желтоқсанында автокөлік кілтің ресми табыстау өтті.
ҚР Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)