
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік Кірістер Комитеті Оқу-әдістемелік орталығы (ОӘО) және Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік Кірістер Комитеті Жұртшылықпен байланыс басқармасының бірлесүімен «Мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өзара әрекеттесу ерекшеліктері» тақырыптағы семинары өткізілген.
Семинарды ашылу барысында ОӘО басшысы Б.Ж.Шалабаев және ҚР ҚМ МКК Төрағасының хатшысы Р.К.Шарипова сәлемдесу және қатысушыларға табыс тілектерін білдірді.
Екі күндік семинарда қатысушылар пресс-қызметтің негізгі ерекшеліктерін және мемлекеттік мекемелер мен БАҚ арасындағы өзара іс-әрекеттердің сапалы негіздерімен танысты.
Оқу барысында заманауи кезеңдегі медия рилейшиниз: негіздер, новация, тәжірибе; БАҚпен байланысты заманауи талаптар; мемлекеттік органдар баспасөз қызметтерінің негізгі қағидалары және олардың БАҚпен өзара әрекеттері тақырыптары қарастырылды..
Семинарды өткізү үшін дәріскерлер ретінде ақысыз келесідей кәсіпқойлар шақырылды:
- Дана Рысмухамедова, АҒР халықаралық агенсттігінің тілшісі, «Стратегиялық коммуникация» медия-агенттігінің негіздеушісі,
- Бибигуль Жексенбай, ҚР Парламенті Сенат Тқрағасының Кеңесшісі, ҚР бас редакторлар клубының вице-президенті,
- Махаббат Есен, Казмедия – ҚР Ақпарат және комуникация министірлігі мектебінің Директоры.
Оқу материалдары ОӘО ftp-платформасында орналастырылды.
Іс-шара жақсы өтіп, тындаушылар дәріскерлерден алған ақпаратқа риза болды.
Семинардың қорытындысы ретінде тындаушылардан алған білімдерін анықтау үшін тестілеу өткізіліп, барлығы дерлік жақсы нәтиже көрсеткен. Сонымен қатар, олардан сауалнама өткізіліп, алынғын білім, икемділік жоғарғы деңгейде екені анықталды.
Семинардың соңында 20 аймақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне біліктіліктерін жоғырлату курстарын табысты бітіргені туралы сертификаттары табысталды.
ҚР Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)