Date of publication: 09.07.2015 16:13
Date of changing: 09.07.2015 16:16

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз релизі

09.07.2015ж.                                                                                                                                                                                                                                               Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожиннің қатысуымен «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің 2015 жылғы 1-жартыжылдығындағы қызметінің қорытындылары туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

Дәулет Ерғожин сөздің басында Комитеттің Бес институционалды реформаларды іске асыру бойынша 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының рөлін атап өтті. Комитет мынадай міндеттерді іске асыруы тиіс:

- қолданыстағы салықтық режимдерді оңтайландыру;

- жанама салықтарды өндіріп алу механизмдерін жетілдіру. ҚҚС-тың орнына сатудан салықты жүргізу мәселесін қарастыру

- Салықтық декларацияларды қабылдау және өңдеу орталықтарының желісін құру;

- жалпыға ортақ декларациялауды енгізу;

- кедендік және салықтық жүйелерді интеграциялау. Кедендік рәсімдерді өту кезінде «Бір терезе» қағидатын енгізу.

- «Постфактум» кедендік тазарту режимін енгізу.

Бұл міндеттер бизнес-қоғамдастықтың мүдделерін қатаң тексеру балансын, кәсіпкерлер үшін оңтайландыру шарттарын, көлеңкелі элементтердің қол сұғушылықтарынан бизнестің және мемлекеттің мүдделерін әкімшілендіру және қорғау сапасын жақсарту. Бүгінгі күні осындай баланстардың бірі белгілі бір нәтижеге қол жеткізді. 

Қазақстан Салық төлеушілер қауымдастығының қолдауымен мемлекеттік кірістер органдары көрсететін қызметтің сапасын мониторингтеу бойынша тәуелсіз әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Бизнес өкілдеріне, жеке тұлғаларға және СЭҚ қатысушыларына сауалнама жүргізілді.

Сауалнаманың нәтижесі бойынша 2014 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметке қанағаттану салық қызметтері бойынша 83,5%, кеден қызметтері бойынша 70,9% және экономикалық тергеу қызметтері бойынша 59% құрады.

Бұдан басқа, мемлекеттік кірістер органдары екінші жартыжылдықтан бастап бизнес ахуалына қолдау көрсету үшін бірқатар жаңалықтар енгізді.

Мәселен, ағымдағы жылғы 7 шілдеден бастап бюджеттік жіктеу кодының (БЖК) саны 215-тен 96-ға дейін қысқартылды. БЖК санының қысқаруы халық және бизнес үшін мемлекеттік қызмет көрсетуге жалпы оң әсер етеді, барлық мемлекеттік органдардың жұмысын елеулі оңтайландырады, ақпараттық жүйеге жүктемені төмендетеді.

Сондай-ақ ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап бензинді, дизель отынын және алкоголь өнімдерін көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын салық төлеушілер МКК деректер базасына деректерді онлайн-берумен бақылау-кассалық машинасын (БКМ) қолдануға міндетті. Деректерді беру операторы болып «Казахтелеком» АҚ айқындалды.

Аудиторлық компанияларға аутсорсинг үшін  ҚҚС төлеушілер болып табылмайтын салық төлеушілердің жекелеген санаттары бойынша тарату тексерулерін беру туралы ҚР Қаржы министрінің бұйрығына қол қойылды. Ерікті түрде таратуды жүргізу кезінде аталған бұйрықта салық төлеушінің тексеру жүргізуде не аудиторлық ұйымды, не мемлекеттік кірістер органын таңдау құқығы көзделген.

2015 жылғы қаңтардан бастап Салық кодексіндегі, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы заңдағы өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілді. Енді жоспарлы тексеру жойылды, тексерудің жаңа түрі – таңдау енгізілді, ол Тәуекелдерді басқару жүйесінің (бұдан әрі – ТБЖ) негізінде тағайындалады.

Сондай-ақ ТБЖ қағидаттарының негізінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды санаттау енгізілді. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп «300 ірі салық төлеушілер үшін жасыл дәліз» жобасы іске қосылды, оның шеңберінде импорттаушылар кедендік бақылауды посткедендік кезеңде өтеді. «Жасыл дәлізді» пайдаланушы импорттаушылар шеңбері кеңеюде.

Әкімшілік кедергілерді төмендету үшін экспорттық-импорттық операцияларды жасау кезінде кеден органдары талап ететін құжаттар тізбесі: экспорт кезінде құжаттар 3 құжатқа дейін және импорт кезінде 5 құжатқа дейін қысқартылды.

Дәулет Ерғожин, бизнес-ахуалды жақсарту бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті жүргізіп отырған барлық реформа ең үздік халықаралық тәжірибеге негізделгенін және бизнес-қоғамдастығымен келісілетінін атап көрсетті.

Сонымен бірге, бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында ағымдағы жылғы 8 маусымнан бастап Алматы қаласында және Алматы облысында шекарадан тауарды іске асырғанға дейін «бір сәттік» бақылаумен Қытай тауарларының импортына қатысты салықтық және кедендік төлемдерді төлеуді әкімшілендіру бойынша бақылау іс-шаралары жүргізілуде.

Табыстарды декларациялау кезінде жеке компаниялардың 17 млрд. теңгеден астам соманы жасыру белгілері анықталды.

Тек жұмыстың бірінші айында кедендік құнды түзету (дербес) арқылы қосымша 285 млн. теңге кедендік төлемдер мен салықтар есептелді, жеке тұлғалардың өткізу нормасынан асыра отырып тауарлардың импорты кезінде 45 млн. теңге сомасында салық төленді. Бұдан басқа, мемлекеттік кірістер органдары Алматы қаласында және Алматы облысында өткізіп жатқан бақылау-профилактикалық іс-шаралар, сондай-ақ «Қорғас» Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығының қызмет аймағында жүргізілуде.

Іс-шараның басталған уақытынан бастап «Қорғас» қызметі аймағында шекарадан өтетін тұлғалардың саны азайғаны (2015 жылғы маусымда - 74 000 астам жеке тұлға, шілденің өткен кезеңінде 14 000 аса жеке тұлға өтсе, сәуір айында 110 000 астам, наурыз айында да сондай  110 000 астам жеке тұлға өтті) байқалады, бұл ретте, наурызда 11 млн. теңге болғанда, маусымда - 17 млн. теңгеден астам кедендік төлемдерді төлеу артқаны байқалады.

Біз ұқсас іс-шараларды ел бойынша жүргізуге жоспарлаудамыз.

Сөз барысында, Комитеттің Экономикалық тергеу қызметі уәкілетті органдармен, оның ішінде Қаржы мониторингі комитетімен күмәнді қаржылық операциялар бойынша ақпарат алмасу мен өзара іс-қимылды қолға алғаны аталды. Ведомстволық деректер базасына қолжетімділік белгіленді және алынды. Бірінші жартыжылдығы ішіндегі статистика залалдың 74% немесе 15,3 млрд. теңге өтелгенін көрсетті.

1 млрд. теңгеден астам сомаға жалған кәсіпкер-фирмалар бойынша 843 іс және салықтарды төлеуден жалтарған тұлғаларға қатысты 6 млрд. теңгеден астам сомаға 517 іс қозғалды.

Бұл істерді қозғауға тексерудің нәтижелері және салықтық және кедендік қызметтердің талдамалы жұмыстары және тек 10% - азаматтардың өтініштері мен басқа органдардың хабарламалары негіз болған.

Заңсыз айналымнан жалпы сомасы 7,5 млн теңге болатын 2,047 жалған ақша купюралары алынды, жалған ақша дайындаумен және сатумен айналысатын 5 қылмыстық топ қызметінің жолы кесілді, кінәлі тұлғалар ұсталды, олардан жалған купюраларды шығаруға арналған жабдықтар алынды.

21 жасырын казино, 63 онлайн-казино, 40 ойын автоматтары залдарының қызметі анықталды. 540 ойын автоматтар, 566 терминалдар, 18 покер үстелдер, 12 рулетка және 9 мыңнан астам фишка алынды. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактілерінің көбі Алматы қаласында (73), Оңтүстік Қазақстан (29) және Жамбыл мен Қызылорда (24) облыстарында жолы кесілді. Заңсыз ойын бизнесінің жайылуы туралы, Астананың орталығында Шұбар шағын ауданында жасырын казино қызметінің жолы кесілген фактісі дәлел болып отыр.

Алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымы фактілері бойынша 152 қылмыстық іс қозғалды, 6 млн. жалған есепке алу-бақылау маркалары, есепке алынбаған алкоголь өнімдерінің 5 млн. бөтелкесі мен 69 мың литр спирт алынды.

ЭТҚ квазимемлекеттік секторда 187 қылмысты анықтады, залалдың 8,5 млрд. теңге сомасы өтелді.

Есірткі трафигі және тыйым салынған заттар арналарының жолы кесілді, ұсталғандардан әртүрлі есірткі түрлері, оның ішінде 5,8 кг героин алынды, ал Оңтүстік Қазақстан облысында 20 тонна Қазақстанда айналымға тыйым салынған «насыбай» ұсталды.

Жалпы, Мемлекеттік кірістер комитеті шекарада біздің елде пайдалануға болмайтын тауарлар мен жабдықтарды заңсыз әкелуге арналған тосқауыл қойды.

Мысалға, Алматы қаласында 11 тонна қытайлық балық аулау ауы, арнайы мемлекеттік органдары ғана пайдалануы тиіс биометриялық бақылауға арналған аппарат ұсталды және алынды, қытай шекарасында алкогольді өнімнің 5 млн. қолдан жасалған ЕБМ ұсталды.

Контрабандаға қарсы күрестің күшейтілуіне қарай контрабанда өзгеріп тұрады, қылмыскерлер әртүрлі қиын схемаларды құрастырады.

Мысал ретінде, контрабандистер, кәсіпорынға құжаттар бойынша кедендік баждардан жалтару мақсатымен схеманы ойластырып, Қытайға өңдеу және одан әрі дайындау және дайын өнімді әкелу үшін «мақта талшықтары» шикізатын жолдады, дегенмен іс жүзінде олар, нарықта сатып алынған тауарлар әкеліп, одан тауарлар дайындауға болмайтын «мақта қалдықтарын» әкетті, залал сомасы жарты миллиардтан астам теңгені құрайды.

Басқа жағдайда, тауарлар Еуропадан Қазақстанға әкелінді, онда Литва тауарларының төмендетілген құнына құжаттарды ауыстырып, Ресейге шығарған, қылмыстық схеманы Ресей және Қазақстан азаматтары жасады, ұйымдастырушы ұсталды және қамауға алынды, залалдың сомасы 370 млн.теңгеден асады.

Сөз соңында Дәулет Ерғожин, Комитет жаппай бақылауды жүзеге асыруға тырыспайтынын атап өтті. Қабылданып жатқан шаралар, адал бизнеске көмектесуге бағытталған – ал жосықсыз субъектілер салықтарды заңсыз оңтайландыра отырып, адал бәсекелестіктің қағидаттарын бұзады.

Осылайша, Комитеттің қызметі Мемлекет басшысы өзінің бағдарламалық құжаттарында қойған нақты міндеттерін практикалық іске асыруға бағытталған.

 

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі