Date of publication: 19.01.2018 17:59
Date of changing: 19.01.2018 18:01

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

«Электрондық кеден»

«АСТАНА-1» АЖ Мемлекеттік кірістер комитеті мен Нәтижелер және даму бойынша БҰҰ конференциясы (ЮНКТАД ООН) арасында 2015 жылғы қыркүйек айында қол қойылған шартқа сәйкес жүзеге асырылады.

Осы жүйені енгізу СЭҚ қатысушыларымен кедендік ақпаратқа жеңілдетілген электрондық қол жеткізуге, экспорт және импорт рәсімдерін оңтайландыру және жеңілдетуге және кедендік тазартудың қағазсыз әдісіне көшуге мүмкіндік береді.

Ұсынылатын кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесі сауданы жеңілдетуге бағытталған – бұл бірыңғай тіркеу, тауарларды әкелу мезетінен түпкілікті сатуға дейін ізіне түсу, ЕАЭО мемлекеттерінің кедендік қызметтерімен деректермен жедел алмасу, және, әрине, қағазсыз декларациялау.

АСТАНА-1 АЖ сақтауға орналастырылатын тауарларды есепке алу автоматтандырылған процессі көзделген.

Еркін қойма кедендік рәсіміне орналастырылатын қайта өнделетін шикізатына ізге түсу мүмкінідігі және т.б. пайда болады.

Көрсетілген автоматтандырылған процесстер кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты бақылау жүргізуді жеңілдетеді.

Сонымен бірге, электрондық декларациялау кедендік ресімдеулердің қағазсыз саясатын көздейді, бұл СЭҚҚ үшін жағдайды айтарлықтай жақсартады (уақытты, шығыстарды азайту, офистан шықпай тұрып кедендік өкілдің қызмет көрсетуіне жүгінбей-ақ ТД ұсыну мүмкіндігі), сондай-ақ лауазымды тұлғалар үшін кедендік бақылау жүргізуді жеңілдетеді (барлық қажетті құжаттар, атап айтса олардың скан көшірмелері, АЖ бар, қызметкер АЖ қол жеткізуге рұқсат болу жағдайында оған қажетті барлық құжаттарды қарап, тексере алады).

Әрине, бұл осы жүйе артықшылықтарының барлығы емес, бұл ретте «АСТАНА-1» АЖ енгізу СЭҚҚ мен кедендік органдарының арасындағы тікелей қарым-қатынасты азайту жолымен сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендеуіне ықпал ететінін атап өту қажет.

2017 жылғы 1 қазаннан бастап «транзит» кедендік рәсімі бойынша 112 мыңнан астам декларациялар ресімделді. Ресімдеу уақыты 30 минуттан аспады.

2018 жылғы 1 қаңтардан «экспорт-10» кедендік рәсімі бойынша 2600 астам декларация ресімделді. Барлық декларациялар автоматты түрде шығарылған, яғни шығаруға 10 секундтан аз уақыт кетті.

АСТАНА-1 жүйесін сатылау енгізу бірнеше ақпарат жүйесін алмастыру тәуекелдерін азайтуға және іскерлік қоғамдастықпен кедендік реформаны позитивті қабылдауды қалыптастыруға жол береді.

 

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)