
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Жаңа Салық кодексі арқылы салықтық даулар азаяды және тексерулер саны қысқарады
Қазақстан Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференция барысында жаңа Салық кодексінің жаңалықтары жөнінде ақпарат берді.
Бірінші вице-министр салықтық өзгерістер идеологиясы адал салық төлеушінің мүддесін қорғауға бағытталатынын атап көрсетті, ал барлық түсініксіз және олқы тұстар салық төлеушілердің пайдасына шешілетін болады.
«Егер салық төлеуші салық органының түсіндіруіне сәйкес әрекет еткен болса және соның салдарынан ұстаным өзгерген болса, айыппұлдар мен өсімпұлды қолданбауды ұсынамыз. Үстеме төлемнің дәлелділігіне талап күшейтілетін болады. Енді салықтық тексерудің актісінде сәйкес дәлел болуы тиіс», - деді Дәленов.
Салық кодексінің құрылымы өзгертілді. Әрбір бөлім дербестендірілген. Яғни, салық төлеушілердің түрлеріне қарай, өз бөлімі бар.
«Шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолданыстағы арнайы салықтық режимдер сақталған. Жаңа баламалы режим ұсынылды. Тиянақталған шегеріс режимі. Бұл айналымы үлкен, бірақ аз пайда табатындар үшін тиімді. Ол өз түсімінің жартысын растаусыз шегеруі мүмкін. Ал егер шығындарының есебін жүргізе бастайтын болса, шығындарын растағаны үшін сыйақы (шегеріс) алады. Салық төлеушілерге режимді таңдау құқығы беріледі», - деді Дәленов.
Жер қойнауын пайдалану саласында геологиялық барлауға инвестициялар ынталандырылатын болады. Табысты барлауды ынталандыру мақсатында коммерциялық табу бонусын алып тастау жоспарлануда, ал теңіз және тереңдегі мұнай кен орны үшін, жер қойнауын пайдалануға баламалы салық төленеді.
Бұдан басқа, автомобиль құрастыруда арнайы инвестициялық келісімшарт (АИК) аясында ҚҚС бойынша жеңілдіктер бар. Толымдаушы (шикізат және материалдар) импорттар, сондай-ақ АИК-пен өндірілген тауарларды сату бойынша айналым ҚҚС-тан босатылды.
«Қазірде инвестициялық преференциялар тек жаңа жобалар мен жаңа кәсіпорындарға ғана ұсынылып отыр. Жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарға жаңғыртулар және жұмыс істеп тұрған қуаттылықты қайта құру кезінде жеңілдіктер көзделмеген. Мұндай кәсіпорындарды ынталандыру үшін жаңғырту мен қайта құру бойынша жобаларды жүзеге асыратын жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға КТС бойынша жеңілдіктер ұсынылады. Жеңілдіктер жаңғыртулар мен қайта құру аяқталған сәттен бастап 3 жылдан артық емес мерзімде және егер инвестициялар 5 млн. АЕК-тен кем емес болса ғана беріледі», - деді вице-министр.
«Жаңа идеология, жаңа ынталандырулар мен әкімшілендірудің жаңа әдістері сапалы жақсартулардың негізін салуда. Салықтық жаңашылдықты енгізумен салықтық даулар азаяды, тексерулердің саны төмендейді, әкімшілендіру жеңілдейді. Шикізат өңдеу ынталандыруға ие болады, несиелеуге қолдау жасалады, АӨК және ШОБ қолайлы режимге ие болады. Салықтық саясат тұтас алғанда айқын әрі түсінікті болады», - деді Руслан Дәленов.
ҚР Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)