Date of publication: 01.02.2018 17:29
Date of changing: 01.02.2018 17:32

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

ҚХР және ҚР кеден қызметі арасындағы уәкілетті экономикалық операторларды (УЭО)

өзара тану жөніндегі жұмыс тобының 3-отырысы

2018 жылғы 24-26 қаңтар аралығында Пекинде УЭО-ны өзара мойындау жөніндегі жұмыс тобының үшінші отырысы өтті.

Кездесу барысында, тараптар УЭО мәртебесін беру шарттары туралы, сондай-ақ тараптар мемлекеттерінің кеден заңнамаларына сәйкес УЭО-ның арнайы оңайлатулары туралы ақпаратпен танысты.

Сонымен бірге, Тараптардың өкілдері УЭО мәртебесін беру туралы Тараптардың кеден заңнамасында ұқсастық бар екендігін атап өтті, бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының арасындағы УЭО-ны өзара мойындау туралы келісімді жасасу тәртібін айтарлықтай жеңілдетеді.

Қытай тарабының өкілдері қазақстандық өкілдерін Қытайдың УЭО сертификаттау үдерісімен танысу үшін «JING DONG FANG BOE» кәсіпорнына жіберді.

УЭО-ны өзара тану бойынша тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін Тараптар УЭО тетігін, оның ішінде УЭО кәсіпорындарын аккредиттеуді таныстыру үшін, 2018 жылдың аралығында  ҚХР ҮЕҰ өкілдері Қазақстан Республикасына  баруға келісті.

Жалпы алғанда, УЭО-ның ҚХР мен ҚР кеден қызметтері арасындағы өзара мойындалуы ҚР ҚХР-ң УЭО-ы үшін ҚР аумағында да, ҚХР аумағында да арнайы жеңілдетулерді пайдалануға мүмкіндік береді.

Кездесу соңында ҚХР және ҚР кеден қызметтері арасында ДББҰ-ны өзара мойындау жөніндегі жұмыс тобының 3-ші отырысының хаттамасына қол қойылды.

           

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)