
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
2018 жылдың 1 ақпанында Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов ЮНКТАД-ның Бас хатшысы Мухиса Китуимен ресми түрде кездесті.
Қазақстан Республикасында БҰҰ ЮНКТАД, ASYCUDA және ASYCER бағдарламалық өнімдері негізінде «АСТАНА-1» және «Бір терезе» электронды декларациялау бойынша ақпараттық жүйелерін енгізу мәселелері талқыланды.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов енгізілген ақпараттық жүйелердің Қазақстан Республикасында кедендік әкімшілендіруді және бизнес-шарттарды жақсарту үшін маңызды екенін атап өтті.
Жалпы алғанда, бұл бастамалар кедендік процедураларды цифрландыруға және Қазақстанның халықаралық сауданы дамыту мүмкіндігін кеңейту үшін ақпараттық технологияларды пайдалануға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі «Кеден транзиті» және «Экспорт» кіші жүйелері бойынша жұмысын ерекше атап өтті, сондай-ақ «АСТАНА-1» және «Бір терезе» ақпараттық жүйелерін келісімдерде белгіленген мерзімде және толық көлемде енгізу қажеттілігін білдірді.
Кездесу соңында тараптар 2018 жылдың бірінші тоқсанының аяғында импортты электронды декларациялау және барлық басқа кедендік рәсімдерді кезең-кезеңімен енгізуді және жүйені толық іске қосу уақытын белгілеуге келісті.
ҚР Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)