
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
АҢДАТПА
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, 09.02.2018 жылы сағ. 14-30 дан 18-00 аралығында, Астана қаласы, Қажымұқан к-сі, 11 мекен-жайында орналасқан «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде» салық төлеушілерге арналған «Салық кодексі – 2018. Салық және кеден заңнамасындағы өзгерістерге шолу» тақырыбында семинар өтетінін хабарлайды.
Семинар жұмысына қатысатындар:
-Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары - Әділбаев Қанат Серікханович;
-Астана қалалық кәсіпкерлер Палатасы директорының орынбасары - Джунусов Алмат Аскарович;
-«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Астана қаласы бойынша филиалының директоры» - Кабдыкапаров Нурлыбек Рыскалиевич;
- Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшылары – Баймағамбетова С.К., Хамбаров Р.Г, Бикадамова Г.Т.,
- «Астана – кедендік ресімдеу орталығы» Кеден бекеті басшысының орынбасары - Шетенова М.Т.
Күні және уақыты: 09 февраля 2018 года, 14.30
Өтетін орны: г. Астана, ул. Кажымукана, 11, актовый зал Евразийского национального университета им.Л.Н.Гумилева.
Тіркелу келесі нөмірлер арқылы: 8-707-945-13-85; 39-72-38, 39-67-76 или zhmantaev@astana.mgd.kz
Байланысушы тұлға: Мантаев Жасұлан
Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет.
ҚР Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)