ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
15.07.2015ж.
Баспасөз релизі
Бүгін Мемлекеттік кірістер комитетінде және оның барлық аумақтық органдарында бір уақытта жоғары оқу орындардын үздік бітірген түлектер үшін Ашық есік күні өтті.
Іс-шараға 69 жоғары оқу орындарының 370-тен астам түлегі қатысты. Сонымен қатар жоғары оқу орындарының және аумақтық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының өкілдері қатысты.
Кездесу кезінде мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері мемлекеттік кірістер органдарының алдында тұрған міндеттер, оларды дамытудың перспективалары, Комитеттің қызметі, оның құрылымдық бөлімшелері туралы және мемлекеттік кірістер органдарының қызметіне түсу тәртібі туралы айтылды.
Ашық есік күнін өткізудің мақсаты сауатты және жас адамдарды мемлекеттік кірістер органдарына жұмысқа тарту және кәсіптік кадр құрамын қалыптастыру болды. Комитет мемлекеттік қызметке түсудің ашықтығын, мемлекеттiк қызметке ортақ қолжетімділік қағидатының іске асырылуын және өз қабiлеттерi мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттiк қызмет бойынша жоғарылауын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде.
Түлектерді карьералық өсу, мемлекеттік қызметке түсу тәртібі, мемлекеттік кірістер органдарында қандай мамандықтар сұранысқа ие екендігі туралы мәселелер қызықтырды. Іс-шараға қатысқан түлектердің көбі алдағы уақытта да бос лауазымдарға орналасу бойынша конкурстарға қатысатындарына өз ниеттерін білдірді.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі