Date of publication: 15.02.2018 17:47
Date of changing: 15.02.2018 17:49

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Мемлекеттік кірістер комитетінің Экономикалық тергеу қызметінің 2017

жылдағы жұмыс қорытындысы туралы

 

Бүгін  а.ж. 15 ақпанында Мемлекеттік кірістер комитетінде, Профилактикалық жұмыс және бақылау басқарма басшысы орынбасарының м.а. Жұма Ерденнің қатысуымен Мемлекеттік кірістер комитетінің Экономикалық тергеу қызметінің 2017 жылдағы жұмыс қорытындысы туралы брифинг өткізілді.

Жұма Ерден өз сөзінде, қызметтің іс-әрекеті мемлекеттің экономикалық мүдделерін тиімді қорғауға бағытталғандығын, сондай-ақ фискалды әкімшілендіруді жеңілдету міндеттерімен қатар және бизнеске қатысты негізделген қылмыстық ықпал шараларын қолдануға  ұмтылатындықтарын атап өтті.

Бұл үшін салық және кеден бөлімшелерінің ақпараттық жүйелерін пайдаланумен қаржы операцияларының қашықтық мониторингі жүргізіледі. Сондай-ақ Қаржы мониторинг комитеті, Ұлттық Банк және екінші деңгейдегі банктермен әрекеттестік жолға қойылды.

Экономиканы жаңғырту 3.0 жобасын іске асыру аясында былтырғы жылы «Фьюжен Орталық» талдау жұмыс тобы құрылды, оның құрамына біздің Қызметтің, салық және кеден бөлімшелерінің аса тәжірибелі қызметкерлері кіреді. «Фьюжен Орталықтың» негізгі міндеті -  кәсіпкерлік қызметіне араласпай, әртүрлі ақпараттық жүйелердің мәліметтерін талдау жолымен қылмыстық сызбаларды анықтау.

Бүгінгі күнге 58 талдау материалдары дайындалды, оның ішінде жымқыру, салық төлеуден жалтару, жалған шот-фактура жазу және т.б. Ағымдағы жылы «Фьюжен Орталық» қызметін әрі қарай жетілдіруді жоспарлап отырмыз. Қабылданған шаралар және тиісті жұмысты ұйымдастырудың нәтижесінде біз сотқа дейінгі тергеп-тексеру сапасының жақсартуы туралы айта аламыз.

Солайша, өндірістегі қылмыстық істер санының 72% сотқа жолдау немесе ақтамайтын негіздер бойынша тоқтату жолымен, залалды толық өндірумен аяқталды. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп.

Бiр мезгiлде, залалды өндіру 2016 жылғы 46%-дан 2017 жылғы 74%-ға артты.

Аяқталған қылмыстық істер бойынша анықталған залал сомасы 106 млрд. теңгені құрды, тергеу барысында 50,6 млрд. теңге сомасына залал өндірілді. Бұдан басқа, 27,7 млрд. теңге сомасына мүлікке тыйым салынды.

Өз кезегінде, ақтайтын негіздер бойынша тоқтатылған қылмыстық істер саны 6 есе төмендеді (4 204-тен 735-ке дейін).

Маңызды қылмыстарды анықтауға Қызметтің ерекше көңілі бөлінді.

Солайша, ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты 58 қылмыстық іс тергеліп, оның 48-і өндіріспен аяқталды, соттың санкциясы негізінде 2 млрд. теңгеден аса мүлікке тыйым салынды.

Одан басқа, Экономикалық тергеу қызметінің өндірісінде ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша 1 827 қылмыстық іс болып, оның 70% бойынша өндіріс аяқталып, қалғандары бойынша тергеу жалғасуда.

Сонымен қатар, қылмыстық істер бойынша салықтық тексерулерді тағайындау практикасы едәуір азайтылды.

Жалған шот-фактуралар жазу фактілері бойынша келтірілген залал сомасын анықтау үшін салықтық тексерулерді тағайындамаймыз. Ол үшін салық органының мамандары тартылып, олар қолда бар құжаттар мен ақпараттық жүйелердегі мәліметтер негізінде қашықтықтан зерттеулер жүргізеді және тиісті қорытынды береді. Осылайша, барлық салықтық кезең тексеруге тартылмайды, тек нақты мәмілелер ғана зерттеледі. Тиісінше, мекемелердің шаруашылық қызметіне араласпаймыз.

Өткен жылдың аталған мезгілінде жалған шот-фактура жазу фактілері бойынша өндіріспен 334 қылмыстық іс аяқталды, ол 2016 жылға (317) қарағанда 17 іске көп.

Жалпы, 2017 жылы салықты төлеуден жалтару фактілері бойынша өндіріспен 510 қылмыстық іс аяқталды, 2016 жылғы ұқсас кезеңде 395 іс аяқталған, ол сотқа дейінгі тергеу сапасы жақсартылғандығын куәландырады.

Мемлекеттік сатып алу саласында және квазимемлекеттік секторда жымқыру фактілері бойынша 1 424 қылмыстық іс өндірісте болып, оның ішінде 1 154 іс немесе өндірісте болғандардан 81% аяқталды.

Нәтижесінде, бірқатар ірі компаниялар бойынша салықтарды төлеу және салық жүктемесінің коэфициенті артты; мемлекеттік қаржыны жымқыруға жол берілмеді.

2017 жылы жалған ақша жасаушылық фактілері бойынша 214 қылмыс тіркелді. Ақша айналымынан жалпы сомасы 7,4 млн. теңгеге 2 511 жалған ұлттық валюта, сондай-ақ сомасы 26 млн. теңгеден астам жалпы саны 497 дана шетел валютасы алынды.

Жалған ақша белгісін әзірлейтін 4 жасырын цехтың жолы кесілді.

Заңсыз алкоголь өнімдерінің айналымы саласында жедел жолмен алкогольді өнімдер әзірлеген 47 жасырын цехтың жолы кесіліп, 3 млн. 500 мың астам жалған есепке алу-бақылау маркалары, 8 млн. 700 мың шөлмек есепке алынбаған алкогольдік өнімдер мен 346 мың литр спирт алынды.

Жедел ақпараттардың және сақ азаматтардың көмегімен 157 жалған терминалдардың, 234 электрондық казино және басқа да 104 терминалдардың жолы кесілді.

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)