Date of publication: 19.02.2018 09:41
Date of changing: 19.02.2018 09:42

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
«Салық кодексі - 2018. Салық және кеден заңнамасындағы
өзгерістерге шолу» тақырыбында
2018 жылдың 9 ақпанында семинар өткізді.

Семинарда 1200-ден аса салық төлеушілер мен СЭҚ қатысушылары болды.

 

Семинар жұмысы Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы, «Центральный Дом бухгалтера» ЖШС, «Finex-Standart» ЖШС-ларымен өзара ынтымақтастық туралы Меморандум шеңберінде жүзеге асырылды.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Әділбаев Қанат Серікханұлы семинарды ашып, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген жаңа Салық кодексі және «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіндегі жеңілдетулерге бағытталған салық және кедендік рәсімдерінде іскерлік белсенділікті ынталандырумен қатар, салықтық және кедендік әкімшілендіру тетіктерінің жетілдірілгенін атап өтті. Сондай-ақ, жаңа Салық кодексінде баптар егжей-тегжейлі баяндалғанын атап өтті.

Айта кетсек, 2018 жылдан бастап: белгіленген шегеруді қолдануға болатын жаңа салық режимі енгізілді, жеке кәсіпкерлердің патент мөлшерлемесі 2%-дан 1%-ға дейін төмендетілді, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына жарналар мөлшерлемесін төмендету есебінен әлеуметтік салық мөлшерлемесі 11%-дан 9,5%-ға дейін төмендетілді (әлеуметтік аударымдар 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 3,5%); 1 қаңтардан бастап 2018 жылдан 2020 жылға дейін жеке тұлғалар үшін міндетті медициналық сақтандыруға төленетін жарналар алынып тасталды (дара кәсіпкерлер, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша өз бетінше жұмыспен қамтылып, табыс алатын тұлғалар үшін алынып тасталды, бірақ жалдамалы қызметкерлер үшін міндетті медициналық сақтандыруға төленетін жарналар сақталды).

 

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)