
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Бүгін, Отан қорғаушылар күні қарсаңында, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде мемлекеттік мерекеге арналған салтанатты іс-шара өткізілді.
Жыл сайын, 7 мамырда Қазақстанда Отан қорғаушылар күні атап өтіледі. Бұл күні 26 жыл бұрын Мемлекет Басшысы ұлттық қарулы күштерді құру туралы жарлыққа қол қойған болатын. Осы күн қазақстандықтардың ерліктерінің шежіресі мен Отанға қызмет ету дәстүрлерінің сабақтастығы болып табылады.
Отан – бұл балалардың бақытты күлкісі, ашық бейбіт аспан, еліміздің экономикалық қауіпсіздігі. Отан қорғаушылар барлық жағдайларда қорған болады. Осылайша, мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қорғап қана қоймай, өз отбасыларының да тірегі болып отыр.
Біз барлық қорғаушыларымызға жемісті еңбек, қойылған мақсаттарға жетуді, қызметте биік жетістіктерді, мықты денсаулық пен қажымас қайратты тілейміз!
ҚР Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)