Date of publication: 15.05.2018 17:49
Date of changing: 15.05.2018 18:32

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

 МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Бүгін Астана қаласында «Бір белдеу-бір жол» бағдарламасына кірісу аясында Салық және кедендік ынтымақтастық жөніндегі халықаралық конференцияның екінші күні өтуде

 

Таңертеңгілік сессия салық төлеушілерге көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді талқылаудан басталды.

Бюджетке түсетін салық түсімдерінің артуы, салық төлеушінің қызметтерінің сапасын көтеру, «Салық органы - салық төлеуші» ашық салықтық серіктестікті құру, салық төлеушілердің құқықтарын қорғау, бизнес процестерді автоматтандыру Конференцияға қатысушы елдердің фискалдық органдарының ортақ мақсаты болып табылады.

ҚР ҚМ МКК-ті төрағасы орынбасарының м.а. М.Т. Такиев сөз сөйледі және Қазақстанның салық органы ұсынған мемлекеттік салық қызметтерінің сапасын жақсарту бойынша қабылданған шаралар көрсетілді.

Ресей, Грузия, Әзербайжан, Италия, Қытай, Беларусь, Украина, Тәжікстан, Швейцария, Венгрия, Австрия және басқа елдердің салық органдары мен ұйымдарының өкілдері сөз сөйледі.

Сөз сөйлеген елдердің әрқайсысы ең жақсы тәжірибелерді, алмасу және мобильді шешімдерді қолдану, үлкен деректермен жұмыс істеу және статистиканы кеңейту, тәжірибе алмасу, жасанды интеллект пен қоғамдық қызметтерді оңтайландырудың жаңа әдістері туралы пікірін білдірді.

Мысалы, Әзірбайжан салық қызметінің өкілі, салық төлеушінің қандай категориясына жатқызылғанына байланысты мемлекеттік қызметтер көрсетілетінін атап өтті.

Шағын бизнес көп қызметті ұсынатын болса, онда  орта және ірі бизнес «жасыл дәліз» қағидаты бойынша қазіргі заманғы сандық қызметтерді қажет етеді.

Оған қоса, Әзірбайжанда 140-қа жуық мемлекеттік қызмет салық төлеушілерге көрсетіледі, оның ішінде 64 мемлекеттік қызмет электронды түрде көрсетіледі.

Әзірбайжан салықтық қызметі өкілінің айтуынша, ҚҚС-ның 99% өтінімі электронды  түрде салық төлеушілермен жіберілген.

Сондай-ақ екінші жарты күн «Салықтық дауларды реттеу» тақырыбына арналған.

ЭЫДҰ-нің өкілі Томас Балко өз пікірін білдірді, егер 2016 жылғы BEPS жобасының статистикасын 2015 жылмен салыстырса, шешілмеген  келісімшарттар санының айтарлықтай өскендігі байқалады. 2016 жылдан кейін BEPS жобасының ұсынымдары арқасында, шешілмеген келісімдер саны айтарлықтай төмендеді, яғни, келісімшарттар жасалды, мұндай келісімдерді қарау мерзімі де қысқартылды.

Бұл ретте, елдер BEPS ұсынымдарына сәйкес екі жақты салық салуды болдырмау үшін қатаң салық режимдерін жоюдан бастап 14 ең төменгі міндеттемелерді орындауы керек.

Әлемнің 115 елі BEPS жобасының ұсыныстарын орындауға бел байлады, бұл елдер салық дауларын жою бойынша жүргізілген жұмыстарды бағалау үшін жүргізілген шолуларға (талдауларға) қатысып, есеп беруге тиіс.

Сондай-ақ, BEPS жобасының талдаушылары салық төлеушілердің келетін әрбір тараптары үшін үш «С» ережесін анықтады:

1) сенімділік (certainty);

2) дәйектілік (consistency);

3) уақытылық (currency).

Сот дауларының санын көбейтетін факторлар да анықтылды:

1) ауқымды жаңа заңдар;

2) ақпарат пен деректердің үлкен ағымы;

3) салық салудың бір жақты тәсілдері.

Халықаралық конференцияға қатысушы елдердің барлық өкілдері форумның барлық мәселелерін талқылауға белсене қатысты.

«Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберіндегі ынтымақтастық және үйлестіру трансшекаралық салық салу кезінде салықтық дауларды болдырмау үшін қосымша мүмкіндіктер береді деп күтілуде.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)