
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде 2018 жылдың 25 мамырында сағат 11-00 - де «Оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша бұқаралық тыңдау өткізіледі.
Спикерлер:
Теңгебаев Ардақ Мырзабайұлы - ҚР ҚМ МКК Төрағасы.
Тәкиев Мәди Төкешұлы- ҚР ҚМ МКК Төрағасы Орынбасарының міндетін атқарушы.
Уәлиева Айгүл Бекішқызы - ҚР ҚМ МКК Оңалту және банкроттау басқармасының басшысы.
БАҚ-ты Аккредиттеу: +7 (7172) 70-99-22, 71-71-16, 8-701-358-31-97 телефондары бойынша және rsharipova@mail.ru; rsharipova@mgd.kz электрондық мекен-жайлары бойынша 24 - інші мамыр сағат 21.00-ге дейін жүргізіледі.
Өтетін орны: Астана қ. Жеңіс даңғылы,11, конференц-залы, 4 қабат (404А каб.)
ҚР Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)