Date of publication: 28.05.2018 18:39
Date of changing: 28.05.2018 18:42

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

2018 жылдың 25 мамырында ҚР ҚМ МКК ОӘО базасында «Кедендік сараптаманы өткізу кезінде туындайтын өзекті мәселелер» тақырыбына бейнеконференц байланысы арқылы қашықтықтан техникалық оқу өтті.

Техникалық оқуға тыңдаушылар ретінде кеден бағытының мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.

Баяндамашылар ретінде ҚР ҚМ МКК ОКЗ және оның Алматы, Өскемен және Шымкент қалаларындағы құрылымдық бөлімшелерінің бөлім басшылары қатысты.

Іс-шараның мақсаты – кедендік сараптама жүргізу кезіндегі туындайтын өзекті мәселелерді талқылау және оларды әрі-қарай шешу.

Қатысушылар ҚР ҚМ МКК ОКЗ қызметімен және құрал-жабдықтар базасымен танысты, кедендік сараптама жүргізу кезіндегі туындайтын өзекті мәселелер талқыланды. Баяндамашылар бірқатар өзекті сұрақтарды шешу бойынша ұсыныстар берді.

Іс-шара жоспарланған бағдарлама шеңберінде белсенді түрде, барлық тыңдаушылардың арасында конструктивтік диалог құру арқылы өтті.

Оқу материалдары ftp://ftp.kgd.gov.kz ресурсында орналыстырылды.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)