
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз релизі
Жүргізілетін салықтық тексерулер сапасын жоғарылату
2018 жылғы 24-25 мамырда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық департаменттерінің қызметкерлерінің қатысуымен жыл сайынғы семинар-кеңес өтті.
Семинар-жиналыстың өткізудің негізгі мақсаты – мемлекеттік кірістер органдарының салықтық тексеруі барысында пайда болатын өзекті мәселелер бойынша ақпарат алмасу үшін аудиттың аумақтық бөлімшелерімен тығыз байланыс жасау.
Аталған семинарда Мемлекеттік кірістер комитетінің, Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық департаменттерінің аудит қызметкерлері қатысты.
Семинар-жиналыста келесі өзекті тақырыптар талқыланды:
Қазақстан Республикасының қабылданған заңнамалық актілері бойынша негізгі өзгерістер;
Мемлекеттік кірістер комитетімен және Қазақстан Республикасы Апелляция департаментімен салықтық тексеру актілеріне шағымдарды, жазбаша қарсылықтарды қарау нәтижелері;
Экономикалық тергеу қызметімен өзара қызметте болу, сондай-ақ сенімсіз салық төлеушілермен өзара есеп айырылысу орын алғанда, тексеру барысында дәлелдеу базасын жинау бойынша сұрақтар, сот тәжірибесі;
аумақтық департаменттердіңң үздік салықтық аудит басқармасы мен салықтық аудитқызметкерін анықтау үшін критерийлерді есептеу;
аумақтық департаменттер қызметкерлерімен тексеру жүргізу барысында пайда болатын проблемалық сұрақтар.
Семинар нәтижесі бойынша, салықтық аудит басқармасы басшысы М.С.Мусин салық төлеушілер тарапынан шағымдардың түсуін төмендету мақсатында, жүргізілетін салықтық аудит сапасын жоғарылату аудит бөлімшелерінің негізгі міндеттері болып табылатын атап өтті.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)