Date of publication: 31.05.2018 12:34
Date of changing: 31.05.2018 19:27

Құрметті салық төлеушілер!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік Кірістер Комитеті 2018 жылғы 31 мамырда Астана уақыты бойынша сағат 21.00-ден бастап 1 маусым күні сағат 03.30-ға дейінгі уақыт аралығында  «Электрондық шот-фактура» ақпараттық жүйе жаңартылу пакетін орнату жұмыстары жүргізілетінін мәлімдейді. Жаңарту пакетіне келесі тапсырмалар енді:

1.      ЭШФ-да "G16 ТД/СЕФ позиция №" өріс форматын өзгерту мүмкіндігін іске қосу

2.      ВҚ Формаларында "ТД/СЕФ позиция №" өріс форматын өзгерту мүмкіндігін іске қосу

3.      Қалдықтар журналының деректерін XLS-ке экспорттау функциясын жүзеге асыру

4.      Жаңа дизайнда Кіру және "Келісімдер" мәзірі орналасқан пайдаланушы Логинін көрсету

5.      Қойманы тіркеу кезінде файлды бекіту мүмкіндігін жүзеге асыру

6.      ЭШФ бланкі. G бөліміндегі ұяшықтарда тек шет ел валютасында ТБК экспорты кезінде ғана нүктеден кейін үш сан қосу мүмкіндігі

7.      Қаралмаған ЭШФ кері қайтару кезінде пайда болатын қателіктің мәтінін "Тек қаралған ЭШФ кері қайтаруға болады" түріне өзгерту.

Осыған байланысты, белгіленген уақыт кезеңінде «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі қол жетімді болмайды.

Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!