Date of publication: 20.07.2018 18:22
Date of changing: 20.07.2018 18:23

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз релизі

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Экономикалық тергеу қызметінің аумақтық бөлімшелерінің құқық қорғау қызметінің нәтижелерін қорытындылады

 

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті 2018 жылға қойылған басымды жұмыс жоспарын орындау мақсатында Экономикалық тергеу қызметі аумақтық бөлімшелерінің құқық қорғау қызметінің нәтижелерін қорытындылады.

Экономикалық тергеу қызметінің өндірісінде кеден саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша 252 қылмыстық іс болған (2017 жылдың 6 айында – 147 іс, өсім – 58%), оның ішінде:

- ҚР ҚК-нің 234-бабы (экономикалық контрабанда) – 200 іс;

- ҚР ҚК-нің 236-бабы (кедендік төлемдер мен салықтарды жалтару) - 52 іс.

Есептік мерзімде өндірсте болған істердің 192-сі, немесе 76%-і аяқталған (сотқа жолданған және ақталмайтын негіздермен қысқартылған), өткен жылдың осындай мерзімінде  76 іс аяқталған, өсім 2,5 есені құраған.

Өндірісте болған істердің 46-сы, немесе 18%-і сотқа жолданған (аяқталған істердің 9%-і).

Процессуалды келісім үлгісінде 13 іс, немесе аяқталғандардың 7%-і сотқа жолданған.

Есепті кезеңде  осы салада ауыр санатты қылмыстар анықталған. Ақтау қаласы «Морпорт» кеден бекетінде 2018 жылдың қаңтар, ақпан айларында көрнекі жалған құжаттарды ұсыну арқылы тауардың жалпы кедендік құны 4 804, 4 млн. теңгені құрайтын  темекі өнімінің ірі көлемдегі контрабандасы анықталған. Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 234-бабы 3-бөлігімен 182700121000042 санды сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Аяқталған қылмыстық істер бойынша анықталған залалдың мөлшері 4,3 млрд.тенгені құраған (өндірілгені 4,8 млрд.теңге, оның ішінде тыйым салынған мүліктің құны - 3,3 млрд.теңге, өндіру мөлшері – 112% құраған).

Талдау жүргізілген мерзімде ақталатын негізбен 17 іс, немесе өндірістегі істердің 7%-і қысқартылған, оның ішінде 234-баппен – 13, 236-баппен – 4 іс.

2018 жылдың 5 айының қорытындысымен аяқталмаған істердің саны 180 істі құраған, ал бірінші жартыжылдықтың қорытындысымен аяқталмаған 123 іс қалған (қалдық 31%-ке азайған) .

ҚР ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігі 4-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының қылмыстық кері қылықтарды қысқарту туралы нұсқауына бойынша 2018 жылдың шілде айында 102 іс бойынша шешім қабылданды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес (Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу) нақты қылмыстық істерді  мысал ретінде келтіріп бұдан толығырақ ақпаратты ұсыну мүмкін болмай отыр.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)