Date of publication: 30.07.2018 13:05
Date of changing: 30.07.2018 13:06

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз релизі

 «Түбіртекті талап ет те  – жүлдені ұтып ал!» науқанының жеңімпаздарына алғашқы жүлделері табыс етілді

 ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті  «Атамекен»  ҰКП-мен бірге, азаматтық белсенділікті арттыруға, азаматтардың тауар, жұмыс және қызмет тұтынушысы ретіндегі өз мүдделерін қорғау бойынша құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқартуға, сондай-ақ кәсіпкерлер арасында әділ бәсекелестікті ынталандыруға бағытталған  «Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал!» науқанын жалғастырып жатыр.

Науқанға қатысу үшін чектерді қабылдау ағымдағы жылдың
21 мамырынан  30 қарашасына дейінгі мерзімде жүргізіледі.

2018 жылдың 21 мамырынан  25 шілдесіне дейнгі мерзімде науқанда қатысушы ретінде 528 544 чек жіберген 10 124 жеке тұлға тіркелгеніне мәлімет үшін назар аударамыз.

Өткен айлар нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында ұтыстар өткізілді және жүлделер табыс етілді, жеңімпаздар тізімі www.kgd.gov.kz сайтында орналасқан.

Науқанда «Wipon» тегін мобильді қосымшасы арқылы бақылау-касса машинасының фискалды чегін жіберу жолымен тауар, жұмыс және қызметті сатып алуды растаған Қазақстан Республикасының барлық азаматтары қатыса алатынын еске саламыз. Көрсетілген «Wipon» тегін мобильді қосымшасын Apple App store және Google Play market-тен жүктеп алу қажет.

Сонымен, «Wipon» мобильді қосымшасы «Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал!» науқанына қатысуға ғана емес, сондай-ақ фискалды чекті бермеген жағдайда арыз беруге мүмкіндік береді.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)