
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз релизі
Мемлекеттік кірістер комитетінің әдеп жөніндегі уәкілдері 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмыстарын қорытындылады
2018 жылдың 3 тамызында ҚР Қаржы министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі Т. Ж. Ташмағамбетовтың төрағалығымен және Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарының қатысуымен бейнеконференция форматында «2018 жылдың әдеп жөніндегі уәкілдерінің қызметі туралы бірінші жартыжылдық есебі» тақырыбында жиналыс өткізілді.
Кездесуге сондай-ақ МҚІжСЖКА-нің департамент директоры Р.К. Тюлебаев және «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиаорталық» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т.З. Байгулов та қатысты.
Жиналыс барысында ҚР ҚМ МКК аумақтық бөлімшелерінің әдеп жөніндегі уәкілдері және жоғарыда аталған өкілдер сөз сөйледі.
Мемлекеттік кірістер комитетінің әдеп жөніндегі уәкілі Т.Ү. Маубаев өз сөзінде Комитет бойынша барлығы 12 415 әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер арасында саулнамамен 9 234 қызметкер камтылғанын атап өтті. Бұл дегеніміз барлық әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің 74% қамтылды деген сөз.
Сауалнама жүргізу барысында әкімшілік шығындарды қысқарту мақсатында МКК-нің әдеп жөніндегі уәкілі сауалнама жүргізу үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық порталының платформасын қолдана отырып, ақпараттық жүйені әзірлеуді ұсынды.
Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылғандардың саны 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында 32 қызметшіні құрады.
Ағымдағы жылдың сәуір айында мемлекеттік қызметтің оң имиджін қолдау мақсатында, мемлекеттік мерекелердің қарсаңында аумақтық органдарға басшылықтың атына мемлекеттік қызметтің оң имиджінің және ұжымда оңтайлы климаттың қалыптасуына елеулі үлес қосқан тұлғаларды марапаттау туралы тапсыра берілген.
Аталған тапсырма нәтижесінде аумақтық органдардың 130 қызметкері марапатталды.
Жалпы есепті кезеңде мемлекеттік қызметтшінің қызмет әдебін бұзу фактілері бойынша барлығы 34 өтініш келіп түскен.
Бүгін біз ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмыстарымыздың қортындыларын шығарып, мәселелерді талқылап және екінші жартыжылдыққа алдымызға тапсырмалар қойып, мақсаттарды айқындауға жиналдық. Сондай-ақ әдеп нормалардың бұзылуын алдын алу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру, мемлекеттік қызметшілерге әдеп нормаларды қолдану бойынша кеңес беру, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, ұжымдағы оң моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)