
Құрметті салық төлеушілер!
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік Кірістер Комитеті назарларыңызға 23.08.2018 жылы Астана уақытымен сағат 21:00 бастап 23:04 дейін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің жаңартылған пакетін орнату бойынша жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды және ол келесі міндеттерді қамтиды:
1. Бұрын енгізілген механизмдерді жетілдірудің міндеттері:
1.1. Бас кәсіпорын мен құрылымдық бөлімшелер арасындағы тауарлардың ішкі қозғалысын және құрылымдық бөлімшелер арасындағы тауар қозғалысын жүзеге асыру;
2. Жүйе қателіктерін жою.
2.1 БҚҚ-ға жазылған ЭШФ есептерін қалыптастырған кезде жазбалардың қайталануын болдырмау.
2.2 Негізгі ЭШФ-да СЭҚ ТН көрсетілмеген кезде, ал G17 ВҚЖА құрамалық коды көрсетілген ЭШФ-ға Түзетілген ЭШФ жазған кездегі пайда болатын қателіктерді түзеу.
Осыған байланысты, көрсетілген уақыт кезеңінде «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі қол жетімді болмайды.
Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!