
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз релизі
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмыстарын қорытындылады
Ағымдағы жылдың 24 тамызында 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмыстарының қорытындысымен ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің алқа мәжілісі болып өтті.
Мемлекеттік бюджетке МКК-нің құзыретіне енетін кірістер бойынша жоспар 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында 103,1% орындалды ( 3 568,2 млрд.теңге жоспармен нақты түскені - 3 678,1 млрд.теңге, артық орындалуы - 109,9 млрд.теңге).
Мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдер бойынша жоспар да 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында 103,1% орындалды (3 554,0 млрд.теңге жоспармен нақты түскені - 3 663,5 млрд.теңге, артық орындалуы - 109,5 млрд.теңге).
Алқа мәжілісінде 2018 жылдың бірінші жартыжылдығындағы салықтық бақылау нәтижелері, кедендік әкімшілендіру қорытындылары, салықтық міндеттемелерді және кедендік төлемдерді өндіру бойынша атқарылған жұмыстар және ҚР мемлекеттік кірістер органдарының жылдың соңына дейінгі көкейтесті міндеттері талқыланды және баяндамалар тыңдалды.
Осылайша, бақылау-экономикалық жұмыстары бөлігінде 2018 жылдың 1 жартыжылдығында 11 407 салықтық және кедендік тексерулер өткізілген болса, 2017 жылдың сәйкес кезеңінде 29 508 тексерулер жүргізілген, яғни өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 52,6% кеміген.
Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін дамыту мақсатында көпжолақты өткізу бекеттерін құру, өткізу бекеттерінің аумағын кеңейту, жүк және жолаушы терминалдарын салу, уақытша сақтау қоймаларын және қарау орындарын, бірыңғай интеграцияланған кешен арқылы кедендік бақылаудың заманауи техникалық құралдарын қондыру бойынша жұмыстар атқарылуда.
Өткізу бекеттерін реконструкциялау және жаңғырту бойынша жоба аясында 10 өткізу бекеттерін реконструкциялау және жаңғырту жоспарланған.
Мемлекеттік кірістер органдарымен жеке және заңды тұлғаларға 48 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі, оның ішінде 29 салықтық және 19 кедендік бағыттағы қызмет көрсетулер.
Комитет қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуына мүмкіндік беру мақсатында мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа аудару бойынша ұдайы жұмыс жүргізіп келеді. Бүгінгі күні 48 мемлекеттік қызметтердің 32 түрі (немесе 66,6%) автоматтандырылған, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» арқылы альтернативті негізде 26 қызмет, альтернативсіз негізде 1 қызмет түрі көрсетіледі.
2018 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша мемлекеттік кірістер органдарымен барлығы - 11 млн. қызмет, оның ішінде электронды түрде - 10,3 млн. немесе 93,6%, қағаз жүзінде - 0,7 млн. немесе 6,3% көрсетілген.
Сондай-ақ, бірінші жартыжылдықта «Салықтардың жиналуын ұлғайту» жобасының мақсатты көрсеткіші игеріліп, бюджетке 56,5 млрд. теңге түсім (жоспар бойынша - 45 млрд. теңге) қамтамасыз етілді.
2018 жылдың 1 жартыжылдығындағы мемлекеттік кірістер органдарындағы сыбайлас жемқорлықпен күрестің жағдайы туралы ҚР ҚМ МКК-нің Ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы Ахметкалиев К. баяндама жасады.
Алқа мәжілісі қорытындысымен Комитет Төрағасы А. Теңгебаев облыстардың МКД басшыларына және МКК орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелеріне бірқатар нақты тапсырмаларын берді.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)