
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Онлайн бақылау-кассалық машиналарын қолдануға міндетті салық төлеушілердің кәсіпкерлік қызмет түрлерінің тізбесі кеңейтілді
2018 жылдың 1 қазаңынан «Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 206 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 тамыздағы № 758 бұйрығы (бұдан әрі – Бұйрық) күшіне енеді.
Осы Бұйрық салық төлеушілер оларды жүзеге асырған кезде онлайн-бақылау-касса машиналарын қолданатын қосымша 17 қызмет түрін қарастырады.
Салық төлеушілер 2018 жылдың 1 қазаңынан оларды жүзеге асырған кезде онлайн бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлері:
- Автомобильдерді және жеңіл автокөлік құралдарын сату
- Автокөлік құралдарына техникалық қызметтер және жөндеу
- Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды көтерме саудада сату
- Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды бөлшек саудада сату
- Сусындарды көтерме саудада сату
- Фармацевтикалық тауарларды көтерме саудада сату
- Тоқыма бұйымдарын сату
- Қапсырма бұйымдарын, лак-бояу материалдарын және шыныларды сату
- Киімдерді сату
- Фармацевтикалық тауарларды бөлшек саудада сату
- Сағат және зергерлік әшекейлерді сату
- Ломбард қызметі
- Жылжымайтын мүлікпен жүргізілетін операциялар бойынша агенттіктердің қызметі
- Сыйақы үшін немесе келісімшарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқару
- Жарнама агенттіктерінің қызметі
- Құмар ойындар және бәс тігуді ұйымдастыру қызметі
- Уәкілетті ұйымдармен жүзеге асырылатын қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қызметі
Осыған орай, жоғарыда аталған қызмет түрлерімен айналысатын салық төлеушілер 2018 жылдың 1 қазанынан бастап онлайн режимінде деректерді жіберіп отыратын бақылау-касса машиналарын қолдануға міндетті.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)