
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Астана қаласы 2018 жылғы 20 қыркүйек
Баспасөз релизі
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитетінде "Арнаулы салық режимдері"
тақырыбына брифинг болып өтті
Бүгін, 2018 жылдың 20 қыркүйегінде, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде "Арнаулы салық режимдері" тақырыбына брифинг болып өтті.
Спикерлері болып ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Смағұлова Гүлмира Әмірғалиқызы, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Өндірістік емес төлемдер басқармасының бас маманы Бисенәлиев Дархан Сайп-Жамалұлы сөз сөйледі.
Брифингте 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген Жаңа Салық кодексімен барлық арнаулы салық режимдерінің сақталғанын, сонымен қатар, арнаулы салық режимдері бойынша бірқатар өзгерістер мен толықтырулар қарастырылғанын спикерлер атап өтті.
Патент негізіндегі арнаулы салық режимі бойынша әлеуметтік салық жойылды, салық мөлшерлемесі 1 пайызға төмендетілді (бұрын 2 пайыз болатын). Бұл ретте, сауда саласында қызметін қолма-қол ақшамен есеп айырысуды жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер үшін салық мөлшерлемесі 2 пайыз мөлшерінде сақталғаны атап өтілді.
Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режиміндегі заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін белгіленген табыстар мөлшері 2 044 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (жартыжылда 57,8 млн.теңге) мен жұмысшылар саны (30 адам) бойынша шарттар біріктірілді.
Сонымен қатар, 2018 жылдан бастап Салық кодесімен жаңа тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимі енгізілді. Бұл арнаулы салық режимі табыстар мен шығыстар есебін жүргізуге негізделген. Шекті табыс және жұмысшылардың шекті санының мөлшерлері тиісінше, 12 260 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (жылына 347 млн. теңге) және 50 адам.
Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимінде жылдық жыйынтық табыс сомасынан 30 пайыз мөлшерінде қосымша тіркелген шегерім қолдану қарастырылған. Бұл ретте, қосымша шегерімді қолдану кезінде шегерімге апарылатын шығыстардың жалпы сомасы, қосымшаларды қоса алғанда, жыйынтық табыстың 70 пайызынан аспауы керек.
Сонымен бірге, осы жаңа салық режимі бойынша еңбекақыны төлеу қорының 100 пайызы мөлшерінде салық салынатын табысты төмендету бойынша норма қарастырылған.
Қазіргі уақытта осы жаңа салық режиміне 33 салық төлеуші көшті.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушелер мен ауыл шарашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимі бойынша Бүкіләлемдік сауда ұйымының талаптарына сәйкес 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелген қосымша құн салығының сомасын 70 пайызға төмендету бойынша жеңілдік ауыстырылды. Ынталандырудың балама шаралары ретінде қосымша құн салығы бойынша қосымша есепке алу қарастырылды.
Біріккен жер салығы негізіндегі арнаулы салық режимінде шаруа және фермерлік қожалықтың басшысы, мүшесі және жұмыскерлері үшін әлеуметтік салық жойылады. Осы режимді қолдану кезінде жүзеге асырылатын басқа қызмет түрлеріне тыйым салу бойынша норма алынып тасталды. Ол үшін салық төлеушілер бөлек есеп жүргізуі қажет.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)