
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Ағымдағы жылдың 18 қазанында салықтық берешегі бар автокөлік иелеріне хабарламаны табыс ету мақсатында мемлекеттік кірістер органдары және әкімшілік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, пресс-рейд өткізілді.
2018 жылғы 1 қазанындағы жағдай бойынша жалпы республика бойынша көлік салығынан 734 059 борышкердің 18,9 млрд.теңге көлемінде салықтық берешегі бар.
Бұл ретте 2,5 млрд.теңге көлеміндегі көлік салығы бойынша салықтық берешек сомасы Астана қаласында тұратын 80 мың көлік иелеріне тиесілі, бұл республика бойынша жалпы берешектің 13%-дан астамын құрайды.
Азаматтардың орындалмаған салықтық міндеттемелер туралы хабардарлығын және көлік салығының жинақталуын арттыру мақсатында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетімен және Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасымен ынтымастық туралы меморандум жасалған.
Меморандум шеңберінде ағымдағы жылдың 9 қазанынан Астана қаласында автокөлік иелері Жол жүру ережелерін бұзған кезде, оларда көлік салығынан салықтық берешегі болған жағдайда мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерімен мұндай автокөлік иелеріне салықтық берешек туралы хабарлама табыс ету бойынша бірлескен рейдтік іс-шаралар өткізілуде.
Бұл іс-шаралар «Астана қаласында фотобейнесін тіркеу және бейнеталдау жүйенін құру және пайдалану» жобасын іске асыру шеңберінде орнатылған «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешендерінің мүмкіндіктерін қолдану арқылы жүргізілуде.
Бұл ретте көлік құралдары тек Жол жүру ережелерін бұзған жағдайда тоқтатылатынын, яғни көлік құралдарын себепсіз тоқтату фактілеріне жол берілмейтінін айрықша айтуға болады.
Рейдттік іс-шаралар өткізу салықтық берешегі бар автокөлік иелеріне Салық кодексімен қарастырылған хабарламаларды табыс ету мен оларға көлік салығынан берешекті өз еркімен төлеуге мүмкіндік беруге бағытталған.
Хабарлама ұсынылған күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде салықтық берешек төленбеген жағдайда мемлекеттік кірістер органдары салық бұйрығын шығаратыны туралы, кейіннен бұл бұйрық салықтық берешекті өндіру жұмысын жүргізу үшін сот орындаушыларына жіберілетіні туралы ҚР ҚМ МКК өкілдері атап өтті.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз-қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)