
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
ЕАЭО ЕЛДЕРІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ ЕЛДЕРДІҢ АУМАҒЫНАН КЕЛЕТІН ТҰЛҒАЛАРҒА БАЖСЫЗ САУДА ДҮКЕНІНДЕ ТАУАРЛАРДЫ ӨТКІЗУ
Кедендік бажсыз сауда рәсімімен орналастырылған тауарлар бөлшек саудамен мына тұлғаларға өткізіледі:
1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кететін жеке тұлғаларға;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың аумағына келетін жеке тұлғаларға;
3 ) Еуразиялық экономикалық одағына мүше бір мемлекеттен Еуразиялық экономикалық одағына мүше басқа мемлекетіне кететін жеке тұлғаларға, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекетіне келетін жеке тұлғаларға.
ЕАЭО кедендік аумағына келген жеке тұлғаларға БСД-де мөлшерлік нормалар бойынша ЕАЭО кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған алкогольдік сусындар мен сыра, темекі және темекі өнімдері кедендік баждар мен салықтарды төлеместен өткізілетіні туралы қосымша шектеу белгіленген.
ҚР Салық кодексінің 172-бабының 4-тармағы 5-тармақшасына сәйкес шекті мөлшері төмендегідей:
> алкоголь өнімі 3 литрден аспайтын мөлшерде;
> темекі мен темекі бұйымдарын 200 сигареттен (10 қорапша) немесе жалпы салмағы 250 грамнан аспайтын мөлшерде.
Бажсыз сауда дүкенінде тауарларды үшінші елдерден келген адамдарға және ЕАЭО елдерінен екінші ЕАЭО елдеріне кететін тұлғаларға сату мүмкіндігі орнатылған.
Бажсыз сауда дүкендеріндегі тауарларға қосарланған баға белгілерінің жүйесін қолданатын бұл тәжірибе Еуропалық Одақ елдерінде кеңінен қолданылады.
Мәселен,
үшінші елдерден келетін және шығатын тұлғалар үшін M&M шоколад драже бағасы 8,50 еуро, ал ЕАЭО елдерінен келген жолаушыларға - 1 данасы үшін 10,00 еуро.
Келу аймағында келесі ақпараттар орналастырылған:
- Еуразиялық экономикалық одақ (Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы) бағытынан келген жолаушылар үшін,
- сатып алынған тауар үшін төлем жасаған кезде төлқұжат пен отырғызу талонын көрсету қажет,
- Еуроодақ елдері арқылы жүретін жолаушыларға 100 мл аспайтын сұйықтықты тасымалдауға жол беріледі,
- валюта бағамы туралы ақпарат.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)