Date of publication: 30.01.2015 19:48
Date of changing: 02.02.2015 11:20

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

30.01.2015ж.

Баспасөз релизі

 

    Бүгін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде Комитет төрағасы Д.Е. Ерғожиннің төрағалық етуімен алкоголь нарығының қатысушылармен (этил спиртін және алкоголь өнімін (арақ) өндірушілер және алкоголь өнімдерін импорттаушы) жиналыс өтті.

Аталған жиналыс барысында 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген алкоголь өнімі өндірісінің көлемін ең аз өңдеу, жыл сайынғы лицензиялық алымды төлеу, алкоголь өнімінің импорты кезінде  қамтамасыз ету төлемін төлеу сияқты заңнама нормалары, сондай-ақ этил спирті және алкоголь өнімі нарығындағы бар проблемалар талқыланды.                                                                               

Бұдан басқа, акциз және басқа да салықтарды бюджетке толық төлеуге, 2015 жылға болжамды деректерге қатысты мәселелер, этил спиртін және алкоголь өнімін өндіруші зауыттарында бар қуатты жүктемесі және оның 2015 жылға арналған перспективлары айтылды. Сондай-ақ  2016 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңғыртылған бақылау есепке алу құралын енгізуге қатысты мәселелер қаралды.     

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі