
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Кинолог мамандығымен қызмет еткісі келетіндер үшін жалпы конкурс өткізілді
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Кинологиялық орталығының базасында осы жылдың қараша айының бірінші онкүндігінде Кинологиялық орталықтың штаттық құрылымын жабдықтау мақсатында, өз тағдырларын кинолог мамандығымен байланыстыруға ынта білдірген конкурсқа қатысушылармен жалпы конкурс өткізілді.
Конкурс ҚР-дағы осы уақыттағы заңнамаларының талаптарына сәйкес өткізілді. Конкурсты объективті және қырағылы өткізу үшін, әңгімелесу үрдісіне Алматы қаласының азаматттық қоғам өкілдері, атап айтсақ, А.В.Эм., «Reliance» қоғамдық қорының өкілі, А.В.Коробкина, «Үміт» саңырау мүгедектерді қолдау орталығының өкілі қатысты.
Осы конкурсқа, қызметтік иттермен жұмыс істеуде белгілі бір тәжірибесі бар еңбек келісімі бойынша жұмыс істейтін тәлімбақтың 2 (екі) жұмыскері және өткен уақытта МҚІСЖҚІАД жастар іс-тәжірибесінен өткен 1 (бір) конкурсант Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметіне Кинологиялық орталығына жұмысқа тұруды жөн көргенін атап кеткіміз келеді.
Үміткерлер Кинологиялық орталығының ұжымына сіңіп кететіне және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметімен өз тағдырларын байланыстырады деп үміттенеміз.
Оларға жаңа бастамаларына сәттілік пен жетістіктерді тілейміз.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)