Date of publication: 22.11.2018 10:22
Date of changing: 22.11.2018 10:22

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз релизі

 

Астана қаласында «Тауарлардың сыныпталуы, тауарлардың шығарылған жері, тауарлардың кедендік құны  туралы кейбір мәселелер. Тарифтік реттеу және пост-кедендік бақылау» тақырыбында семинар өтуде

 

2018 жылдың 21 қарашасы мен 23 қарашасы аралығында Астана қаласында «Тауарлардың сыныпталуы, тауарлардың шығарылған жері, тауарлардың кедендік құны  туралы кейбір мәселелер. Тарифтік реттеу және пост-кедендік бақылау» пост-кедендік әкімшілендіру Департаментінің ұйымдастыруымен Семинар өтіп жатыр.

Семинардың басты мақсаты - тауарлардың сыныпталуы бойынша өзекті мәселелерді,  тауарлардың шығарылған жерін анықтау, тауарлардың кедендік құнын анықтау, тарифтерді реттеу және пост-кедендік бақылау мәселелерін талқылау, сондай-ақ өзекті мәселелерді шешудің ортақ тәсілдерін әзірлеу.

Семинарға аталған сұрақтар міндеттеріне кіретін аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары және ҚР ҚМ МКК пост-кедендік әкімшілендіру Департаментінің лауазымды тұлғалары қатысуда.

Семинар барысында «ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауарларды сыныптаудың кейбір мәселелері», «Дәрілік заттарды, дәрумендерді және құрамында алкалоиды бар заттардың сыныпталуы. Медициналық құрылғылар стерилизаторлардың сыныпталуы»,  «Кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттерді орындауды қамтамасыз ету, сондай-ақ заңды тұлғалар мен УЭО міндеттерін орындауды қамтамасыз етудің кейбір мәселелері», «Тауарлардың шығарылғаннан кейін Астана-1 АЖ кейбір мәселелері және ПКБ модулі бойынша жоспарланған іс-шаралар», «Тауарларды шығарылғаннан кейін кедендік бақылау сұрақтары бойынша нормативтік-құқықтық актілеріне шолу жасау» және мұнай өнімдерінің сынамаларын алудың кейбір өзекті мәселері талқыланды, тауарлардың кедендік құнын анықтау бойынша, кедендік баждарды  және салықтарды төлеу  және т.б. тақырыбында презентациялар ұсынылған.

Іс-шара семинардың барлық қатысушылары арасында талқылау арқылы пкірталас және конструктивті диалог арқылы белсенді өзара түрде өтуде.

Семинар қатысушылары ақпараттық материалдармен, СЭҚ ТН Түсіндірмелерімен,  Тауарларды сыныптау бойынша шешімдер жинағы  бар диск (ЕЭК, КҚБК, БКО), тауарлардың үлгілері мен сынамаларын алу бойынша әдістемелік нұсқаулармен қамтамасыз етілді.

 

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)