Date of publication: 27.11.2018 15:41
Date of changing: 27.11.2018 15:44

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

  «Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларымен тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу ережелері» тақырыбында семинар өтті

 

2018 жылдың 21-23 қараша аралығында ҚР ҚМ МКК  Оқу-әдістемелік орталығы Орталық кеден зертханасымен бірлесіп, «Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларымен тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу ережелері» тақырыбына бейнеконференц байланысы арқылы қашықтықтан семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты – сынамалар мен үлгілерді іріктеп алу әдістерімен таныстыру, кедендік сараптама өткізу үшін тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуды жүзеге асыру  және барлық ілеспе құжаттарды дұрыс толтыру саласында мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің құзыретін арттыру.

Семинарға тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдары кеден  саласының қызметкерлері қатысты.

Дәріскерлер ретінде:

1) Мурат Жумабекович Жаилов – ҚР ҚМ МКК Алматы қ. Орталық кеден зертханасы техникалық және материалтанушылық сараптама бөлімінің  басшысы;

2) Светлана Андреевна Никонова - ҚР ҚМ МКК Өскемен қ. Орталық кеден зертханасы физика-химиялық зерттеу бөлімінің басшысы;

3) Рахат Жасузакулы - ҚР ҚМ МКК Шымкент қ. Орталық кеден зертханасы физика-химиялық зерттеу бөлімінің бас маманы;

4) Канат Нұралыұлы Суйналин - ҚР ҚМ МКК Астана қ. Орталық кеден зертханасы техникалық және технологиялық сараптама бөлімінің  бас маманы;

5) Майгуль Касенгалиевна Баимбетова - ҚР ҚМ МКК Астана қ. Орталық кеден зертханасы мұнай және мұнай өнімдерін зерттеу бөлімінің  бас маманы қатысты.

Семинарға қатысушылар мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларымен тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу ерекшеліктерімен, құрамында алтын бар кендерінің және концентраттарының,  мұнай және мұнай өнімдерінің, қара металл өнімдерінің сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу ережелерімен, арнайы жұмыс киімі және сынамаларды іріктеп алуға арналған жабдықтармен танысты.

Іс-шара жоспарланған бағдарламаның шеңберінде, дәріскерлер мен тыңдаушылар арасындағы белсенді қарым-қатынаста сәтті өтті.

Семинардың қорытындысы бойынша тыңдаушыларға біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттар беріледі.

 

 ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)