Date of publication: 19.12.2018 09:30
Date of changing: 19.12.2018 09:33

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

ҚР ҚМ МКК «Қазақстан Республикасындағы ақпараттық қауіпсіздіктің тәжірибесі мен болашағын жетілдіру» тақырыбында семинар өткізді

 

2018 жылдың 12-14 желтоқсаны аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы «Қазақстан Республикасындағы ақпараттық қауіпсіздіктің тәжірибесі мен болашағын жетілдіру» тақырыбына бейнеконференц байланысы арқылы қашықтықтан семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты – ақпараттық қауіпсіздікті жетілдіру саласында мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің құзыретін арттыру.

Семинарға тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.

Дәріскерлер ретінде:

1) Лаззат Турдакыновна Касымкулова – ҚР ҚМ МКК ОӘО қашықтықтан оқыту және ақпараттық технологиялар бөлімінің  басшысы;

2) Виталий Константинович Ли – «Орталық Азия кибер қауіпсіздік кәсіпқойлар қоғамы» ҚБ төрағасы қатысты.

Семинарға қатысушылар кибер қауіпсіздікпен – компьютерлік жүйелерді, құрылғыларды және ақпараттық қосымшаларды цифрлық шабуылдан қорғау шараларын жүзеге асыру; кибер шабуылдардың түрлерімен; әлеуметтік инженерия ұғымымен; ЭЦҚ, жеке компьютерге арналған берік құпиясөздерді қалыптастырумен және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы басқа да өзекті мәселелермен танысты.

Іс-шара жоспарланған бағдарламаның шеңберінде, дәріскерлер мен тыңдаушылар арасындағы белсенді қарым-қатынаста сәтті өтті.

Семинардың қорытындысы бойынша тыңдаушыларға біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттар жолданады.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)