Date of publication: 25.12.2018 13:19
Date of changing: 25.12.2018 13:23

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

АҢДАТПА 

 

Құрметті журналистер!

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде 2018 жылдың 26 желтоқсанында сағат 9:50-де республикалық деңгейде бас жүлдесі автокөлік болатын, «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы бойынша ұтыс ойыны өткізіледі.

«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы ағымдағы жылғы мамыр айынан басталды және Мемлекеттік кірістер комитеті «Атамекен»  ҰКП-ның қолдауымен Wipon компаниясының мобильді қосымшасын пайдалану арқылы іске қосқанын еске саламыз.

Чектерді қабылдау ағымдағы жылдың 21 мамырынан 30 қарашасына дейін жүргізілді.

Бұл акция азаматтық белсенділікті арттыру, тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тұтынушылары ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеуге, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқартуға, сондай-ақ кәсіпкерлер арасында әділ бәсекелестікті ынталандыруға  бағытталған.

Аталған шара шеңберінде БАҚ өкілдеріне брифинг өткізіледі.

 

БАҚ-ты аккредиттеу: +7 (7172) 70-99-22, 8-701-358-31-97 телефондары бойынша және rsharipova@mail.ru; rsharipova@mgd.kz электрондық мекен-жайлары бойынша 25 желтоқсан сағат 18.00-ге дейін жүргізіледі.

Өтетін орны: Астана қ., Жеңіс даңғылы, 11, мәжіліс залы (3-қабат).

 

ІС-ШАРАҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ТІРКЕЛУ ҚАЖЕТ.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)