Date of publication: 27.12.2018 13:16
Date of changing: 27.12.2018 13:17

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

ҚР Үкіметінің Баспасөз орталығы алаңында Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы М.Е. Сұлтанғазиевтің қатысуымен шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық рақымшылықты жүргізу туралы баспасөз конференциясы өткізілді

 

Бүгін, 2018 жылдың 27 желтоқсанында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Баспасөз орталығы алаңында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы М.Е. Сұлтанғазиевтің қатысуымен шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық рақымшылықты жүргізу мәселелері бойынша баспасөз конференциясы өткізілді.

Баспасөз конференциясы барысында М.Е. Сұлтанғазиев салықтық рақымшылық жүргізудің алғышарттарын, жағдайларын және мүмкіндіктері туралы толықтай ақпарат берді.

Елбасы 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына жолдауында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтың негізгі сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдарды және айыпұлды есептен шығару жөнінде шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық рақымшылықты жүргізу туралы тапсырма берді.

Осыған байланысты салықтық рақымшылықты жүргізу үшін Қаржы министрлігімен Қазақстан Республикасы заңнамаларына тиісті түзетулер әзірленді, аталған түзетулер бүгінгі күні ҚР Парламентінің Сенатында қарауында.

Салықтық рақымшылық шағын және орта бизнес субъектілеріне 2018 жылдың 1 қазанындағы негізгі қарызын 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұлды есептен шығаруды көздейді.

Бұл ретте әзірленген түзетуге сәйкес мониторингке жататын, ірі салық төлеушілер, жер қойнауын пайдаланушылар (жер асты суын өндіру, емдеу балшығына құқығы бар жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда), акцизделетін өнімді өндіретін өндірушілер салықтық рақымшылыққа жатпайды.

Алдын-ала деректер бойынша 2018 жылғы 1 қазандағы жағдайға сәйкес 340,6 млрд. теңге салық берешегі бар 90 077 шағын және орта бизнес субъектілері (31 210 заңды тұлғалар және 58 867 дара кәсіпкерлер) рақымшылыққа жатады.

Бұл ретте, егерде негізгі қарызды 210,4 млрд.теңге көлемінде төлеген жағдайда есептен шығаруға жататын өсімпұлдың жалпы сомасы - 122,9 млрд.теңге, айыппұлдың сомасы – 7,3 млрд.теңгені құрайды.

Бұл ретте 2018 жылғы 1 қазаннан бастап негізгі қарыз сомасын төлеу күніне дейін есептелген өсімпұл сомасы есептен шығарылады.

Айыппұл мен өсімпұл бойынша жинақталған қарызынан босату үшін салық төлеушілерге 2018 жылғы 1 қазандағы жағдайында салықтар бойынша негізгі қарызының сомасын бюджетке төлеу қажет екендігіне тағы да назар аударамыз. Яғни, өсімпұл мен айыппұл сомасы негізгі қарызы төленген жағдайда ғана есептен шығарылады.

Сәйкесінше, түзетулер енгізу қарастыратын заң жобасын қол қойылғаннан кейін, Қаржы министрлігімен салықтық рақымшылықты өткізудің егжей-тегжейлі механизім қарастыратын өсімпұл мен айыппұлды есептен шығару қағидасы бекітілетін болады.

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында кәсіпорындарды сауықтыру үшін өсімпұл мен айыппұлды есептен шығару бойынша салықтық рақымшылық үш рет жүргізілді.

Осылайша, мемлекеттік кірістер органдары өсімпұл мен айыппұлды есептен шығару бойынша тікелей жұмысына шамамен 2019 жылдың наурызында кіріседі. Жалпы, салықтық рақымшылық кәсіпкерлерді қолдаудың пәрменді механизмі болады және негізгі салықтарды төлеуге жақсы мүмкіндік береді деп күтілуде.

М.Е. Сұлтанғазиев өз сөзін: «Мемлекеттік кірістер комитеті жинақталған қарызынан босатуы шағын және орта бизнеске кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік береді, бұл соңғы нәтижесінде қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуін, сонымен қатар кірістер мен тұрмыс деңгейін көтеруге мүмкіндік пайда болады деп ойлаймын.» - деп қорытындылады.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)