Date of publication: 05.02.2015 19:21
Date of changing: 05.02.2015 19:25

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті тәуекелдерді басқару жүйесі құрылысында озық тәжірибені зерделеуде

 

 

Баспасөз релизі

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде 4 ақпанда ұйымдастырушысы Салық және инвестиция бойынша халықаралық орталығы болып табылатын семинар өтті.  Осы семинар салық саясаты және әкімшілендіру реформасына, атап айтқанда қаржы тәуекелдерін басқару жүйесіне  арналды.

Негізгі дәріскер Австралия Салық салу министрлігінің комиссар көмекшісі - Уэйн Бэрфорд болды. Семинарда ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері, СИХО өкілдері, сондай-ақ Республиканың ірі салық төлеушілерінің өкілдері қатысты.

Семинардың негізгі талқылаған мәселесі ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде бақылау нысанын дифференциялды қолдану мақсаты үшін жаңа Тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу процесі болды.

 

                                                                                  ҚР ҚМ МКК баспасөз қызметі