Date of publication: 25.11.2015 16:11
Date of changing: 25.11.2015 16:13

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Қазақстандағы кедендік әкімшілендіруді жаңғырту халықаралық тәуелсіз сарапшылардың консультативті қолдауымен жүргізілуде

2015 жылғы 24 қарашада Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожиннің «KGH Border Services» компаниясының президенті Ларс Карлссонмен кездесуі өтті.

«KGH Border Services» –стратегияны, тактикалық жоспарлауды, бизнес-процестерді, реинжинирингті, реформалау және институционалдық даму бойынша жобаларды әзірлеуде барлық әлем бойынша үкіметтік құрылымдар мен жеке секторларға ықпал көрсететін тәуелсіз консалтингтік швед компания. Қазіргі уақытта компанияның активінде барлық әлем бойынша кедендік әкімшілендіруді жаңғырту бойынша аяқталған 25 жоба бар.

Мемлекеттік кірістер комитетінің бастамасы бойынша және Ынтымақтастық жөніндегі Германия қоғамының қолдауымен ағымдағы жылы «KGH Border Services» Орта Азия елдерінің кеден қызметтеріне Уәкілетті экономикалық операторлар институтын дамыту, «бірыңғай терезе» механизмін енгізу, тәуекелдерді басқару жүйелері мен бизнес-процестерін жетілдіру мәселелері бойынша консультативтік көмек көрсетуде.

Тараптар төрт сағаттан астам уақыт бойы ағымдағы жылғы қазан айында «KGH Border Services» кеңесшісі Матс Ларссонның Мемлекеттік кірістер комитетінің сарапшыларымен кездесу барысында алынған ақпараттады зерделеу негізінде дайындалған халықаралық сарапшылардың аралық ұсынымдары мен келесі қазақстан-қытай шекарасына шығуды талқылады.

Тәуекелдер, талдау және статистика басқармасының басшысы Эльдара Мамлиннің презентациясымен танысып, консалтингтік компанияның өкілдері Қазақстанда жүргізіліп жатқан жаңа Тәуекелдерді басқару тұжырымдамасының жұмысын жоғары бағалады және олардың ұсынымдары да әзірленіп жатқан жобада орын алады деген үміттерін білдірді.

Сындарлы диалогтың нәтижесінде халықаралық сарапшылар Қазақстанда кедендік әкімшілендіру әлеуетін ұлғайтуда бар қажеттілік туралы нақты көрініс алды, сондай-ақ ұсынылған аралық ұсыным бойынша пікірлерді соңғы есепте көрсетуге келісім берді.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі