ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз релизі
ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы Дүниежүзілік кеден ұйымымен бірлесіп 2015 жылғы 7-9 желтоқсан аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің базасында «Тауарлардың шығарылған жерінің преференциялдық және преференциялдық емес қағидасы» тақырыбында халықаралық семинар өткізуде.
Семинардың тақырыбы Тауарлардың шығарылған жерінің преференциялдық және преференциялдық емес қағидасын қолдану кезінде қарастырылатын мәселелердің өзектілігімен айқындалды.
Семинардың негізгі дәріскері ретінде Тауарлардың шығарылған жерінің преференциялдық және преференциялдық емес қағидасын жүргізу және жетілдіру саласында мамандандырылып жүрген Дүниежүзілік кеден ұйымының техникалық атташесі Тошихико Ямате сөз сөйлеуде.
Сонымен бірге, баяндамалармен Еуразиялық экономикалық комиссиясының өкілдері - Завьялов Артур Владмирович пен Павлюченков Кирилл Александрович және «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Техникалық реттеу департаментінің сарапшысы Акшалова Эльмира Болатқызы шықпақ.
Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің орталық аппаратының және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғалары, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі тұлғасында мемлекеттік органдардың өкілдері қатысуда.
Семинарды өткізудің мақсаты Тауарлардың шығарылған жерінің преференциялдық және преференциялдық емес қағидасын қолдану бөлігінде басқа елдердің тәжірибесін зерделеу, оның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарын жаңғырту шеңберінде Тауарлардың шығарылған жері туралы преференциялдық және преференциялдық емес қағидалары бойынша келісім нормаларын практикалық қолдану және талқылау ерекшеліктері бойынша білім алу, сондай-ақ Тауарлардың шығарылған жерінің преференциялдық және преференциялдық емес қағидасын қолдану бойынша нақты мысалдарды зерделеу болып табылады.
Мұндай семинарды өткізу қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін анықтау жөніндегі келісімді әзірлеу процессінде туындайтын көптеген сұрақтарды уақтылы шешуге де көмектеседі (Тауарлардың шығарылған жерінің преференциялдық және преференциялдық емес қағидасы).
Бұдан басқа, дәріскерлер ұсынған барлық тақырыптарды талқылау барысында семинар қатысушылары Тауарлардың шығарылған жерінің преференциялдық және преференциялдық емес қағидасын практикалық қолдану және талқылау ерекшеліктері бойынша қосымша білім алады, сонымен қатар Тауарлардың шығарылған жері қағидасын практикалық қолдануда нақты мысалдардың негізінде бекітетін болады.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі