Date of publication: 27.03.2019 19:17
Date of changing: 27.03.2019 19:18

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

Дүниежүзілік Кеден Ұйымының «Меркатор» бағдарламасы бойынша диагностикалық миссиясы жалғасын тапты

 

2019 жылдың 27 мен 29 наурызы аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ғимаратында Дүниежүзілік Кеден Ұйымының «Меркатор» бағдарламасы бойынша диагностикалық миссиясының екінші кезеңі өтуде. 

 2018 жылғы желтоқсанда Дүниежүзілік сауда ұйымының саудаға жәрдемдесу туралы Келісімін іске асыру жөніндегі ДКҰ сарапшыларының негізгі ұсынымдарын көрсететін Комиссияға миссияның бірінші кезеңі туралы ДКҰ-ның есебі жіберілді. Миссияның екінші кезеңінің мақсаты ұсынылған ұсынымдар мен жол картасына негізделген егжей-тегжейлі іс-қимыл жоспарын құру болып табылады.

«Меркатор» бағдарламасы Кедендік әкімшіліктердің ұзақ мерзімді дамыту жоспарын (2-4 жыл) қамтиды және ДКҰ-ның иституционалды дамуын қолдау, мүдделі тараптар мен донорларды тарту, сондай-ақ ДКҰ СҰСЖ-ін іске асыру жөніндегі іс-шараларды бағалауды және мониторингін қамтиды.

Кездесуге Нидерланды кеден қызметінің мүшелері және «Меркатор» бағдарламасының кеңесшілері болып табылатын - Ира Тан және  Берт де Хаас шақырылды.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)