
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Баспасөз релизі
Қазақстан Республикасы ҚМ МКК Төрағасы
М.Е. Сұлтанғазиевтың және Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы МКҚ
Төрағасы А.М. Онолбековтың жұмыс кездесуі өтті
Ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде ағымдағы жылдың 30 наурызында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы М.Е. Сұлтанғазиевтың және Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік кеден қызметінің Төрағасы А.М. Онолбековтың жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар кедендік әкімшілендіруді жетілдіру, екі елдің кедендік статистикасы мәселелерін, сондай-ақ проблемалық мәселелер және одан әрі ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.
Тараптар кейбір тауарлар түрі бойынша кеден құнының төмен фактісінің бар болуы туралы атап өтті.
Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар, анық емес декларациялауды анықтау, анық құнды қамтамасыз ету және импортталатын тауарлар бойынша ақпаратпен алмасуға бағытталған шараларды күшейтуге келісті.
Бұл ретте қырғыз өндірісінің тауарларына қатысты күшейтілген бақылау шаралары қолданылмайтындығы атап өтілді.
Жұмыс кездесуі тиісті хаттамаға қол қоюмен аяқталды.
ҚР Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)