Date of publication: 26.04.2019 18:09
Date of changing: 26.04.2019 18:10

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

2019 жылдың бірінші тоқсанында мемлекеттік бюджетке 2 трлн. теңге салық түсті

 

2019 жылдың 23 сәуірінде М.Е. Сұлтанғазиевтің төрағалығымен ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің алқа мәжілісі өтіп, 2019 жылдың бірінші тоқсанының жұмыс нәтижелері қорытындыланды.

Бірінші тоқсанда мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдер 104,5%, оның ішінде республикалық бюджет 101,3% және жергілікті бюджет 114,7% орындалды.

Мемлекеттік бюджет жоспары 1 978,5 млрд. теңгеге межеленсе, нақты түсім  2 066,8 млрд. теңгені құрап, 88,3 млрд. теңгеге артық орындалды.

Республикалық бюджет жоспары - 1 512,1 млрд. теңге, нақты түскені - 1 532,0 млрд. теңге, артық түскені – 19,9 млрд. теңге.

Белгіленген жоспар барлық аумақтық департаменттермен орындалған.

Салықтар мен кедендік төлемдерден қосымща түсімдердің межеленген жоспары 65,3 млрд. теңге құрайтынын ескерсек, осы жоспар артығымен 79,2 млрд. теңгеге немесе 121,3% орындалды.

  

 

 

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)